Казахский язык
Языки и языкознание
degree
  • формат pdf
  • размер 4,35 МБ
  • добавлен 08 августа 2014 г.
Рсалиева Нұрсуле Мақсұтқызы. Қазақ онимдерін ағылшын тілінде транслитерациялаудың ғылыми-теориялық негіздері
Алматы: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2008. — 202 б. 10.02.20 – салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жазба тілдерін және олардың мұрағаттарын зерттеуге XX ғ. орта шенінде пайда болған қажеттілік графикалық лингвистиканың тіл білімінің маңызды салаларының бірі ретінде де, өз алдына толыққанды ғылым саласы ретінде де қалыптаса бастауына алып келді. Графикалық лингвистиканы зерттейтін грамматология деп аталатын ғылым саласының дамуы бүгінгі күні қай деңгейге жетті? Оған біздің қосар үлесіміз бар ма? Бұл сұрақтарға диссертациялық жұмыс барысында толықтай жауап беру жауапкершілігін мойнымызға ала алмасақ та, өзіндік қосар үлесімізді бағамдап көрмекпіз. Қолданбалы ономастика нақты тілдер мен тілдік үрдістер негізінде жалқы есімдердің ерекшеліктерін ескере отырып, формасы, транскрипциясы, орфография, орфоэпия нормаларын және грамматикалық формаларға түрленуін нақтылайды. Ономастиканың бұл саласы шет тілдік жалқы есімдердің графика, орфография және аудару (транслитерация және транскрипция) нормаларын қабылдаушы тіл арқылы тағайындайды. Ономастикалық атаулардың графикасы бүгінгі күнге дейін тіл тілде шешімін тауып бітпеген проблемалардың бірінен саналады.
Похожие разделы