Казахский язык
Языки и языкознание
Дисертация
  • формат pdf
  • размер 1,79 МБ
  • добавлен 05 февраля 2015 г.
Мусагулова Аида К. Қазіргі қазақ тіліндегі бизнес терминдерінің даму үрдісі
Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ, 2014. — 145 б. «6D021300 – Лингвистика» мамандығы бойынша философия (PhD) докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.
Зерттеу жұмысына жалпы сипаттама. Тіл – қоғам өміріндегі құбылыстарға, өзгерістерге сәйкес жаңарып, даму үрдісін басынан өткереді. Бұл құбылыс тілде терминология саласында ерекше көзге түседі. Жаһанданудың талабына сай бүгінгі таңда тіліміздің терминологиялық жүйесінде күн сайын жаңа түсінік, жаңа ұғым қалыптасуда. Бұндай сөздер баспасөз, радио, теледидар тілінен, әр алуан ғылым салаларының сараланған терминологиялық жүйесінен байқалады. Яғни өмірдің өзіндегідей тілде де даму үрдісі үздіксіз жүріп жатады. Жаңадан жасалған терминдердің қолданыстық сипаты, тіліміздің терминологиялық лексика қабатының дамуына қосқан үлесі, қоғамдағы терминдердің қызметі туралы мәселелер бүгінгі қоғам үшін де өзекті. Олардың әрбірі қоғам тарапынан қолдауды, тілдік тұрғыдан жүйелеуді қажет етеді. Сондай саланың бірі – бизнес терминологиясы.
Похожие разделы