Павлодар: ПМПИ баспасы, 2012. — 135 бет. — ISBN 978-601-267-172-8.
Оқу құралында емле және тыныс белгілерінің соңғы ізденістер
негізіндегі теориялық мәселелері қарастырылған. Білімді бекіту
мақсатында түрлі деңгейдегі жаттығу жұмыстары мен тест тапсырмалары
ұсынылған. Оқу құралы қазақ тілі мамандарын дайындайтын жоғары оқу
орындарының филология факультетінің студенттеріне, тілші
мамандарға, мектеп мұғалімдеріне, жалпы көпшілік қауымға арналады.