Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2014. — 400 бет. ISBN 978-601-7172-33-6
Кітапта қазақ терминологиясының атасы атанған А. Байтұрсынұлы мен
Қ. Жұбанов, тіл тарландары І. Кеңесбаев, М. Балақаев және тіл
мәртебесін биікке көтерген көптеген тілші ғалымдардың педагогтік
және қоғамдық қызметі туралы жан-жақты баяндалған. Сондай-ақ мұнда
өз кезінде қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін айқындаған С.
Сейфуллин, ұлты үшін жаны күйген Ө. Жәнібеков, адалдық пен
әділеттің жаршысы Н. Ондасынов, өлең сөздің білгірі З. Ахметов және
сазгерлер Ш. Қалдаяқов пен І. Жақановтар туралы да көркем эссе
тұрғысынан шебер баяндалған. Еңбек қазақ тілі жанашырларына және
жалпы оқырман көпшілікке арналған. Мемлекеттік тіл тағдырына
қызығушы мамандар мен жоғары оқу орындары филология
факультеттерінің студенттері үшін де танымдық мәні бар.