Казахский язык
Языки и языкознание
Дисертация
  • формат pdf
  • размер 3,03 МБ
  • добавлен 04 сентября 2014 г.
Қыдырбаев Қ.А. Қазақ онимдерін араб тіліне транслитерациялаудың ғылыми-теориялық негіздері
Алматы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2012. – 193 б.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – қазақ онимдерін араб тіліне транслитерациялаудың ғылыми-теориялық негізін жасау. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделді:
- қазақ тілі мен араб тілі дыбыстық жүйелерін салғастырмалы тұрғыда зерттеу;
- екі тілдегі дыбыстардың жасалу орындары мен сипаттарын салғастыра отырып, ғылыми дәлелдер арқылы қазақ және араб тілдеріне ортақ дыбыстарды, қазақ тілінде баламасы жоқ араб тіліндегі дыбыстарды және араб тілінде баламасы жоқ қазақ тіліндегі дыбыстарды анықтау;
- екі тілдегі дыбыстардың жасалу орындары мен сипаттарын салғастыра отырып, қазақ тіліндегі дыбыстарға балама болатын араб тіліндегі дыбыстарды, араб тілінде баламасы жоқ қазақ тіліндегі дыбыстарға ең жақын келетін араб тіліндегі дыбыстарды және қазақ тілінде баламасы жоқ араб тіліндегі дыбыстарға ең жақын келетін қазақ тіліндегі дыбыстарды анықтау;
- транслитерация мен транскрипцияның ара жігін ашу және қазақ онимдерін араб мәтіндеріне трансформациялау тәсілдеріне шолу жасау;
- араб тілі дыбыстарын қазақ кирилл әліпбиі арқылы транскрипциялау жобасын жасау;
- осы уақытқа дейін араб тіліндегі еңбектерде қазақ онимдерін графикалауда орын алған қателіктердің себептерін ашып, оларға ғылыми түсініктеме беру;
- қазақ онимдерін араб тіліне транслитерациялаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау үшін онимдерді ішінара жіктеу;
- қазақ онимдерін араб тіліне транслитерациялаудың мейлінше түпнұсқадағы айтылымына жақын нұсқасын ұсыну және оның ғылыми-теориялық негізін жасау;
- араб онимдерін қазақ мәтіндеріне трансформациялау тәсілдеріне шолу жасау;
- араб онимдерін қазақ тіліне транслитерациялаудың мейлінше түпнұсқада айтылымына жақын нұсқасын ұсыну және оның ғылыми-теориялық негізін жасап жоба түзу.
Похожие разделы