Алматы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2014. — 183
б. 6D020900 – Шығыстану мамандығы бойынша философия докторы (PhD)
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертацияда хинди тіліне
енген шетел және кірме сөздерге салғастырмалы-типологиялық талдау
жасалған. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі
лингвистикалық контактологияның парадигмаларымен байланыстырыла
отырып, кірме лексемалардың фонетикалық, грамматикалық және
семантикалық игерілу аспектілері кешенді қарастырылып, зерттеудің
нәтижелері сарапталып, хинди тіліндегі шетел және кірме сөздердің
корпусын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негізі құрастырылды
және салғастырмалы-типологиялық зерттеу арқылы ғылыми концептуалды
ұстанымдар берілді.