— Астана: Аударма, 2005, — 728 бет., ISBN 9965-18-147-0
"Батыста: неміс тілі - әскери тіл, француз тілі - махаббат тілі, ал
итальян тілі әуезді тілге жатады екен, ал біздің Шығыста: түрік
тілі - әскери тіл, парсы тілі - махаббат тілі, ал араб тілі —
пәлсапалық тілге жатады дейді. Былай қарап отырсақ, осы пікірге біз
де дау айтпай-ақ қосылуға әбден болады. Дегенмен біздің әңгіме
етпек болып отырған ақындарымыздың қаламынан "Жүсіп-Зылиха",
"Ләйлі-Мәжнүн" тағы осы сияқты өмір күйкілігінің арасындагы таза
махаббаттың бейнесін беруі, не деген қүдірет. Және бүкіл Шығыс
құрлығындағы махаббат жайлы жыр шертілетін болса осы парсы
ақындарының, қала берді, солардың айналасындағы бір-біріне дес
бермейтін әрқайсысы жеке дара қас жүйріктерге тең дүлдүлдердің
жасап кеткен, жыр күмбезі - бізге мәңгі өшпейтін жыр мұхитындай
шайқалып, қорқынышы мен қуанышы бір бойында буырқанып жатқан өзге
әлемді елестететіні екі бастан. Олай болса парсы әдебиетіндегі,
оның ішінде поэзиясы осынша үлгі болмаған қиял патшалыгын басқа
әлемнен іздеу де әбестік болар еді.