5
1 тақырып
САЯСАТ ЖƏНЕ САЯСАТТАНУ
Саясат ұғымы: түсінігі, мазмұны, мəні
«Саясат» ұғымы мемлекетпен, биліктік қатынастармен,
адамдар мен қоғамды басқару ғылымымен байланысты антикалық
ұғымдарға негізделеді. Мысалы, «полис» (қала-мемлекет),
«политикос» (мемлекет қайраткері), «политейя» (конституция).
Дəстүрлі түсінігі. Саясат, ең алдымен, билікке қатысы
бойынша адамдардың, əлеуметтік топтардың, мемлекеттер мен
халық арасындағы қарым-қатынастармен байланысты мемлекеттік
жəне қоғамдық істерді, іс-əрекеттерді білдіреді. Əлеуметтік
феномен ретінде ол саяси институттар мен ұйымдардың қызмет
етуінен, саяси нормалар мен дəстүрлерден, адамдардың басқару
əрекетінен, олардың əлеуметтік-саяси қызығушылықтары мен
қажеттіліктерінен, саяси иделары мен көзқарастарынан тұрады.
Саясат – билікке жəне қоғамды басқаруға қатысты кластар
мен əлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың, əрекеттердің,
мінез-құлықтардың, бағдарлардың, коммуникациялық байланыс-
тардың алуан түрлі əлемі ретіндегі əмбебап қоғамдық феномен.
Саясат қоғамнан тыс өмір сүрмейді. Қоғам өзара
байланысты, өзара тəуелді, бірақ белгілі бір дəрежеде жеке дара
адамның тіршілік əрекетіндегі мынадай салалардан тұрады:
шаруашылықтық-экономикалық, əлеуметтік, саяси жəне рухани.
Қоғам өміріндегі саяси саланың мəртебесі. Саяси саланың
басқа салалардан айырмашылығы сол, бəрінің арасында жоғарғы рөл
атқарады. Саяси саланың мұндай жағдайы оның шеңберінде
қабылданған заңдар, шешімдер, үкімдерді барлық басқа қоғамдық
салалардың орындауымен негізделеді. Осыған қоса, саяси сала,
əсіресе қоғамның дамуындағы өтпелі кезеңінде, сəйкесінше
басымдықтарға ие болады. Сонымен бірге саяси сала қоғамның басқа
да салаларымен тығыз байланысты, оларға тəуелді.
«Саяси» жəне «əлеуметтік» феномендердің арақатына-
сы. Жалпы кез келген əлеуметтік құбылыс билікке қатысының
дəрежесі мен деңгейіне байланысты саяси белгілерін, саяси
сипатын «алады» немесе «жоғалтады». Қоғамдағы барлық
«саясилық» əлеуметтік болып табылады, бірақ барлық əлеуметтік
«саяси» емес немесе бола алмайды.