11
табылатындықтан, саясаттанудың орталық нысаны тұлға,
əлеуметтік топтар, ұлттық-этникалық қауымдастықтар, саяси
жүйе, мемлекет жəне қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар сияқты
саяси өмірдің субъектілерінің мəселелері болады.
«Əлеуметтік-саяси процестерді басқару теориясы». Бұл
бөлімде саяси процесті саяси жүйенің өзгеруі мен қызмет етуімен
байланысты саяси қарым-қатынастардың барлық субъектілерінің
біріккен істілерінің біріккен іс-əрекеті ретінде талдайды. Саяси
дағдарыстар мен қақтығыстардың себептері, сипаты, мазмұны
жəне оларды шешу əдістері зерттеледі. Саясаттануда тек
əдістемелік мəні ғана емес, сонымен қатар тəжірибелік мəні де
қарастырылады.
«Халықаралық қатынастар саясаттануы». Мұнда
ғылыми қорытындылар халықаралық қатынастарды ежелгі жəне
жеке саяси жүйелердің бірі ретінде мойындаудан шығады.
Саясаттанудың алдында қазіргі уақыттағы түбегейлі өзгерістер
мен жаңалықтарды ескере отырып, халықаралық қатынастарды
теориялық тұрғыда ой елегінен өткізу міндеті тұр. Отандық ғылым
үшін еліміз əлемдік қоғамдастықтың толыққұқылы мүшесі болу
жəне заманауи өркениетте лайықты орын иелену үшін,
Қазақстанның əлемдік аренадағы негізгі басымдықтарын анықтау
маңызды.
Саясаттанудың деңгейлері мен əдістері
Деңгейлері: «саясат», «саясилық», «саяси билік», «саяси
тəртіп», «қоғамның саяси жүйесі», «саясаттың субъектілері»,
«саяси қатынастар», «саяси құндылықтар», «саяси
қызығушылықтар», «саяси іс-əрекет», «əлемдік саяси процесс»,
«əлемдік саясат», «геосаясат» жəне т.б.
Əдістері. Əдістердің үш негізгі топтары:
Бірінші топқа мыналар жатады: саясаттың əлеуметтік
ортамен өзара əрекетінің көп түрлілігінің есебіне негізделген
əлеуметтанулық əдіс, құрылымдық-функционалдық жəне жүйелік
əдіс, бихевиористік əдіс.
Əдістердің екінші тобына ғалымдар жалпы логикалық
əдістерді жатқызады: талдау, синтез, индукция жəне дедукция,
абстракциялау жəне абстрактылыдан нақтыға ауысу, тарихи жəне
логикалық талдаудың үйлесімділігі жəне т.б.