61
г) егемендіктің болуы жəне халықаралық қатынастардағы
тəуелсіздік;
д) құқық. Құқық мемлекеттік билікті заңды түрде
рəсімдейді, осылайша оған легальдік береді, мемлекеттің қызметін
жүзеге асырудың заңды шегі мен формасын анықтайды;
е) физикалық мəжбүрлеуді, күшті заңды қолдануға
монополия (жоғарғы құндылық болып табылатын өмірден,
еркіндіктен азаматтарды айыру мүмкіндігі).
Мемлекеттің мəні бастапқы мəселелерді, мемлекеттердің,
саяси жүйенің жəне қоғамның арақатынасын, яғни мемлекет пен
қоғамның бірлігі, басқару күші, мемлекеттің шығуы, оның
дамуының шарттары мен бағыттары мəселелерін шешуді
синтездеуден көрінеді.
Бір шешімі – мемлекет пен қоғам бір бүтінді құрайды, ал
мемлекет қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығын қамтиды.
Мемлекет бұл жағдайда унитарлы, яғни біртұтас, ол қоғамды
біріктіреді. Бұл мағынада «ресейлік (американдық, француз жəне
т.б.) мемлекет», яғни билік, халық, ел, олардың территориясы,
шекарасы туралы айтуға болады.
Басқа шешімі – мемлекетті қоғамда таралған жəне оған
ерекше əлеуметтік институт ретінде қосылған саяси жүйенің
орталығы ретінде мойындау. Қоғам өз дамуында мемлекетке
тəуелсіз.
Мемлекеттің қызметтері: ұйымдастырушы (басқару),
үстемдік ету жəне басып-жаншу, құқықтық жүйені жасау.
Ұйымдастырушы, басқарушы қызметтерінің мəні
қоғамның тіршілік əрекетінің сақталуында, «ортақ игілікке»,
бірлікке қол жеткізуде, тəртіпті орнатуда, мемлекет пен халықтың,
ұлттардың, этностардың өзара қарым-қатынастарын реттеуде.
Үстемдік ету жəне басып-жаншу қызметі күрес құралы
ретінде ғана емес, сонымен қатар кластар мен мемлекет, кластар
арасындағы қарым-қатынастардағы қақтығыстардың бастауы
ретінде болады.
«Құқықтық мемлекеттің» арнайы қызметі – нормалар
мен заңдардың негізінде қоғамдық қатынастардың көптүрлілігі
шеңберінде мемлекет пен қоғамның, мемлекеттік аппараттың
жұмыстарын реттеу.