45
Біріншісіне сəйкес, көшбасшы өзіндік бір «эталон», үлгі
ретінде болады, оның ықпалы субъективтіліктен көрінетін
психологиялық феноменге негізделген (топтың басқа мүшелерінің
мінсіз көзқарасында). Екінші мəн шеңберінде көшбасшының
беделі басқаларды топтық мақсатқа жету үшін біріктіру қабілетіне
негізделеді. Мұндай көшбасшы жетекшілік үлгісіне тəуелсіз
топтағы өзара қарым-қатынастарды реттейді, оның
құндылықтарын топаралық қатынаста сақтайды, топішілік
қызығушылықтардың қалыптасуына ықпалы етеді.
Саяси əрекеттің үміткер субъектісінің бірі ретінде
тұлғаның қызығушылықтарының қалыптастасуында тарихи түрде
саяси көшбасшылық пайда болды.
Қазіргі кездегі ғылымда саяси көшбасшылық феномені үш
негізгі тұжырымдама призмасы арқылы қарастырылады:
ерекшеліктер теориясы, жағдайлық тұжырымдама,
конституенттер теориясы.
Ерекшеліктер теориясына көшбасшылық феноменін
адамның керемет ерекше сапаларымен түсіндіру тəн. Осы
теорияның негізін салушылардың бірі Э.Богардус болды, ол ерте
ме кеш пе көшбасшылыққа əкелетін тұлғаның интеллектуалдық
талантына баса назар аударды.
Саяси көшбасшыға тəн ерекшеліктерге, дəстүрлі түрде,
мыналарды жатқызады: ұйымдастырушылық қабілеті, мықты,
табанды ерік, өткір ақыл-ой, адамдарды тани білуі, сезімталдығы,
өткірлігі. Жаңа ерекшеліктер ретінде суретте жəне теледидарда
жақсы көріну, сүйкімділік, сенімге кіре алу қабілеті болуы керек.
Жағдайлық тұжырымдама көшбасшыны таңдауда
əлеуметтік жағдайлардың басым рөлін мойындауға негізделеді.
Жалпыға мəлім Р.Стогдилдің (осы тұжырымдаманың негізін
қалаушылардың бірі) пікірінше, көшбасшылықты қандай да бір
əлеуметтік жағдайдағы адамдардың арасында болатын байланыс
ретінде қарастыруға болады. Одан ары қарай адамдардың бір
жағдайда көшбасшы болса, басқа жағдайларда да көшбасшы
болуының міндетті еместігі туралы түсінгені дұрыс. Осылайша,
дəл нақты жағдайлар саяси көшбасшыларды сұрыптауға ықпал
етеді жəне оның мінез-құлқын бөледі.