24
а) қоғам өзінің дамуында индивидке білім, мəдениет, мінез-
құлық нормалары мен ережелерін, құндылықты бағдарларды, яғни
əлеуметтік-тарихи тəжірибені береді;
б) индивид өзінің даму барысында осы тəжірибені
меңгереді.
Əлеуметтену процесі табиғи-тарихи қажеттілік ретінде
жүзеге асырылады. Қоғам кейінгі ұрпаққа тарихи тəжірибені беру
арқылы қызмет атқарады, ал индивид тұлға ретінде
əлеуметтіліктің белгілі бір түрлерін меңгерудің арқасында ғана
өмір сүреді.
ХХ ғасырдың 50-60-жылдарында «саяси əлеуметтену»
ұғымы қалыптасты. Саяси əлеуметтену – саяси көзқарастардың,
бағдарлар мен таптаурындардың қалыптасуы, адамның саяси
құндылықтарды меңгеруі, саясатқа қатысу дағдыларын игеруі.
Саяси əлеуметтену адам мен саясат бірлігі мəселесін
шешуге негізделген. Мынадай сұрақ туады: тұлға-саясаттың
субъектісі, жасаушысы ма, əлде оның соқыр құралы ма? Саяси
əлеуметтенудің тікелей негізі болып қоғамның саяси мəдениеті
көрінеді, себебі ол адам мен қоғамның арасындағы өзара байла-
нысты қамтамасыз ететін əлеуметтік механизм болып табылады.
Саяси əлеуметтену түрлі делдалдар арқасында жүзеге
асады: мекемелер (отбасы, мектеп, институт, мекеме), қарым-
қатынас топтары (туыстар, таныстар, қызығушылықтары бойынша
топтар), бұқаралық ақпарат құралдары (радио, баспа, телевидение,
компьютерлік ақпараттық жүйелер).
Əлеуметтенудің саяси жəне саяси емес факторлары.
Саясиға мемлекеттік құрылымның сипаты мен түрі, саяси инсти-
туттар, партиялар мен қозғалыстар жатады. Саяси емес фактор-
ларға отбасын, құрдастарын, оқу орындарын, мəдениет, ғылым,
өнер ордаларын, ұлттық салт-дəстүрлерді жақтызады. Шынайы
өмірде саяси жəне саяси емес факторлар байланыста болады,
адамға күрделі, жан жақты, көпфакторлы ықпалын тигізеді.
Саяси əлеуметтенудің түрлері мен үлгілері
а) үйлесімді түрі адамның құқықтық тəртіпке, мемлекетке,
азаматтық міндеттеріне деген рационалдық, құрмет сезімін
тудыратын, билік институттарымен психологиялық қалыпты
қарым-қатынастарымен сипатталады;