34
Ұлтты түсіндіруде үш негізгі тəсілді қарастырады:
биологиялық, əлеуметтік-мəдени жəне саяси-құқықтық.
Биологиялық тəсіл басты доминантты ұлттың қандық
туыстықты (қанның ортақтығын) мойындауына негізделеді.
Мұндай тəсіл Германия, Жапония, Израиль елдеріне тəн. Бəріне
белгілі, биологиялық бастау табиғи жанды заттағыдай, адамда да
орын алады. Ата-ана этносы баланың сыртқы келбетіне, тіпті оның
мінезіне де өзіндік ізін қалдырады. Дегенмен ұлтқа жату ген
арқылы ғана емес, мəдени ортаның ерекшеліктері, тəрбиелеу
жүйесі тəрізді əлеуметтік факторлар арқылы да анықталады.
Əлеуметтік-мəдени тəсіл адамдардың үлкен тобының
ортақ салт-дəстүрлерінің болуынан, тілінің, дінінің, мəдениетінің
ортақтығынан шығады. Бұл ұлтты рухани мəдениеті, тарихи
дамуы мен менталитеті ортақ сипатқа ие адамдардың
қауымдастығы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Саяси өмірдің тəжірибесі ұлттың діни қауымдастықпен
теңдестірілетінін дəлелдейді.
Мысалы, саяси əдебиетте ислам дініне жатқызатын «араб
ұлты» кездеседі, дегенмен Египеттегі, Ливиядағы, Палестинадағы,
Сауд Аравиясындағы, Ирактағы мұсылман-арабтар бір бірінен
көптеген мəдени ерекшеліктерімен жəне дəстүрлерімен
ерекшеленеді.
Ұлтты саяси-құқықтық қарастыруда ұлт бір елдің
азаматтары, яғни сол немесе басқа мемлекеттің азаматтарының
қауымдастығы ретінде түсіндіріледі. Европа Кеңесінің аумағында
дайындалған азаматтық жөніндегі Конвенцияда «азаматтық»
ұғымы «тұлғаның мемлекетпен өзінің этникалық шығу тегін
көрсетпей-ақ құқықтық қарым-қатынас жасауы» ретінде
анықталады. Халықаралық құқықта ұлт туралы сөз қозғалғанда,
азаматтық немесе саяси ұлттарды айтады.
Ұлт деп белгілі бір мемлекеттің тарихи қалыптасқан
азаматтары-адамдардың қауымдастығы түсіндіріледі, оларға
экономикалық өмірдің, тілдің, мəдениет пен салт-дəстүрлердің
тұрақты бірлігі, жəне өздерін белгілі бір ұлттық қауымдас-
тыққа жатқызуға, басқалардан ерекшелеуге мүмкіндік беретін
жеке дара жəне топтық санамен өзіндік сана тəн.
Қоғамның ұлттық құрылымы ұлттардың, ұлыстардың
этникалық топтардың жиынтығы ретінде қарастырыла алады.