52
ж) басқару аппаратынының, мəжбүрлеу органдарының
артуына.
Саяси жүйенің деңгейлері. Қоғамның саяси жүйесі саяси
қатынастар мен биліктің үш деңгейінің жүйешелерінен
құралады: екі институционалдық – жоғарғы (мегадеңгей), орта
немесе аралық (мезадеңгей) жəне институционалдық емес-
төменгі, бұқаралық (микродеңгей).
Макродеңгейде (институционалды, жоғарғы) саяси жүйеге
мемлекеттік биліктің орталық аппараты кіреді. Осында
макробиліктің көлеңкелі, жасырын саяси құрылымдары мен
қызметтері орналасқан: жоғарғы органдардың (мемлекеттік,
партиялық) легальді (заңды) жасырын əрекеттері, құпия құжаттар,
бұйрықтар, өкімдер; түрлі ресми көшбасшылардың
жарияланбайтын қызметтері мен рөлдері.
Орта құрылым (мезадеңгей) өзінің құрылымы бойынша
ұқсас келеді. Ол басқару аппаратымен, перифериядағы сайлау
органдарымен жəне тағайындалатын билікпен түзіледі. Саяси
жүйенің мезадеңгейі мемлекеттік биліктің жоғарғы эшелондары
мен қоғам арасындағы саяси кеңістікте орналасқан. Бұған
аймақтық жəне жергілікті əкімшілік, ірі кəсіпорындар, экономика
көшбасшылары жəне т.б. жатады.
Мезадеңгей саяси жүйе мен қоғам арасындағы
байланыстырушы звено ретінде қызмет атқаратындықтан, олардың
қарым-қатынастарын ұйымдастыратындықтан, биліктің
мемлекеттік орталықтарынан қоғамға дүмпу беретіндіктен, басты
рөлді атқарады. Тəжірибе көрсетіп отырғандай, дəл осы кезеңде
басқарудың неғұрлым ықпалды бюрократиялық аппараттары мен
ең бұқаралық қатар (көлеңкелі) құрылымдар қалыптасады. Осы
саяси кеңістікте аппараттар мен олардың көшбасшыларының
қақтығыстары, рушылдық, жершілдік, қандық туыстық
байланыстар, құқыққа қарсы белсенділік пен ресми тұлғалар мен
биліктегі жемқорлық ерекше таралған. Осы деңгейде саяси
сипаттағы заңсыз құрылымдар қалыптасады: қатар экономика,
қара базар, қылмыстық əлемді ұйымдастыру, мафиялар мен
мафиялық корпорациялар.
Саяси жүйенің микродеңгейі – саяси өмірдегі қоғамға
азаматтардың, кластардың, қабаттардың, қоғамдық топтардың