97
б) психологиялық тəсіл (Т. Адорно, З. Фрейд, Э. Фромм).
Қақтығыстың психофизиологиялық табиғаты бар, онда маңызды
рөлді шиеленіс пен фрустрация атқарады;
в) кластық тəсіл (К. Маркс, Г. Маркузе). Кластарға
бөлінген қоғамда үнемі негізінде қарама қарсы қызығушылықтар
жататын, қақтығыстар болып тұрады;
г) функционалдық тəсіл (Т. Парсонс). Қақтығыс қоғамда
дисфункционалдық рөл атқарады. Дегенмен қақтығысты тек
қиратушы процесс ретінде ғана қарастыру дұрыс емес.
д) диалектикалық тəсіл (Г. Зиммель, Р. Дарендорф,
А. Дмитриев). Қақтығыс жағымды қызмет атқаратын, қалыпты
əлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады.
Саяси қақтығыстардың табиғатында басым рөлді
əлеуметтік факторлар атқарады. Саяси конфронтацияның
негізінде жатқан үш негізгі себептер:
Бірінші себебіне қоғамдық қатынастардың түрлі форма-
лары мен аспектілерін жатқызады, олар саясат субъектілерінің
мəртебелерінің сəйкес келмеуін, олардың ролдік тағайындаулары
мен қызметтерін, биліктегі қызығушылықтары мен қажеттілік-
терін, қорлардың жетіспеушілігін анықтайды. (басқарушы жəне
контрэлит арасындағы қарама-қайшылықтар, түрлі топта, билік
жүйесінің басқа да саяси субъектілер жағынан қысым).
Саяси қақтығыстардың себебінің екіншісіне саяси
құбылыстар (саяси идеалдар, құндылықтар, тарихи оқиғаларды
бағалау) туралы адамдардың субъективті көзқарастарының сəйкес
келмеуі жатады.
Қақтығыстардың үшінші себебі ретінде азаматтарды
теңестіру процестері, олардың əлеуметтік жəне саяси жүйедегі
өздерінің орындарын түсінуді анықтайтын белгілі бір əлеуметтік,
этникалық, діни жəне басқа да қауымдастықтар мен бірлестіктерге
жатуын сезіну процестері қарастырылады.
Саяси қақтығыстар түрлері:
а) əрекет ету уақыты бойынша – созылған жəне тез;
б) əрекет көлемі бойынша – локальді немесе аймақтық;
в) көріну формасы бойынша – бейбіт жəне бейбіт емес;
г) қатысушыларының саны бойынша – көпсубъектілі,
немесе мультиполярлы, жəне екіжақты, немесе биполярлы;