101
əрекеттердің əдістерін түсінуге жақындап қалды. Саяси
технологиялар саяси тəжірибеге теориялық саяси білімді
тасымалдайтын құралдар ретінде болады. Олар саясатты
жүзеге асырудың əдіс-тəсілдерін, мақсаттарын анықтаудағы саяси
тенденциялардың, заңдылықтардың, нормалардың, факторлардың
барлық көптүрлілігін қолданады.
Саяси технологиялардың көрнекті мысалы болып бірегей
саяси билікті бөлудің технологиясы табылады. Бұл технология
демократиялық қоғамдағы билікті оның қандай да бір адамның
немесе саяси ұйымның узурпациясынан (озбырлықпен басып
алудан, тартып алудан, билікті заңсыз басып алу не біреудің
бірдеңеге құқығын иемденіп алудан) қорғанысты қамтамасыз
етеді. Оның мəні биліктің үш негізгі тармағының, яғни заң
шығару, атқару жəне сот билігінің құзырын шектеуде.
Осылайша, саяси технологиялар – олар саясат саласында
қалаған нəтижелерге қол жеткізу мен саяси процестің тиімділігін
жоғарылатуға бағытталған саяси жүйелердің қызметтерін жүзеге
асырудың неғұрлым мақсатқа сай, ойға қонымды
процедуралардың, əдістердің, тəсілдердің жиынтығы.
Саяси технологиялардың құрылымына үш негізгі
құраушылар кіреді: арнаулы ерекше білімдер; əрекеттердің
нақты тəсілдері, процедуралары мен əдістемесі; сондай-ақ
түрлі техникалық-ресурстық құраушылары.
Сол немесе басқа да тəсілдер мен процедураларды қолдану
объективті жəне субъективті факторларға тікелей тəуелді:
атқарушы субъектілердің жағдайына, міндет шешіліп жатқан
нақты жағдайларға, əлеуметтік қабаттардың ақыл-ой шабытына,
саяси мəдениет деңгейіне.
Іс-əрекеттердің нақты əдіс-тəсілдері саяси технологиялар-
дың мазмұнына ықпал ететін кез келген қорлардың, мамандық
құрылымдардың, əрекет етуші тұлғалардың техникалық
жабдықталуына тікелей тəуелді.
Саяси технологиялар екі құраушының, яғни қойылған
мақсатқа қол жеткізудегі стратегиялар мен тактикалардың
диалектикасымен əдістемелік тұрғыдан бөлінген. Аталған
саяси технологиялардың қайсысын қолдану саяси басқару
тиімділігін, саяси процестерді реттеуді, саяси жүйенің жəне бүкіл