10
орналасты. Олардың жалпы саны 49,8 мың адамды құрады
2
.
Ақмоланың батыс бөлігінде қыпшақ руы, ал шығысында қуандық
руы, Петропавл уезімен шеттесіп жатқан бөлігінде қуандық жəне
атығай рулары шоғырланды.
Ақмола жəне Көкшетау уездерінде арғындар саны – 50 мың
адамды құрады. Олардың орналасу бағыттары Торғайдан Шығыс
Казақстанға созылды. XX ғ. басындағы дерек бойынша Ақмола
уезінің солтүстігіндегі Қызылтопырақ болысының 10 əкімшілік
ауылдарында ерлер мен əйелдерді қоса есептегенде барлығы 59
65
адам өмір сүрген. Бұл жерде негізінен арғын тайпасының қуандық
руының алтай, қарпық, борышы жəне темеш бөлімшелері жəне керей
уақ рулары өмір сүрді.
Ақмола облысының Атбасар уезінің солтүстік–шығысында
арғындар, солтүстік-батысында жəне оңтүстік бөлігінде наймандар
қоныстанған. Арғындардың жалпы саны 30 мыңнан асса, наймандар
40 мыңға жуық адамды құрады. Уездің солтүстігінде, яғни Атбасар
жəне Жарқ
айың б
олыстарында мамын тайпалары, Терісаққан болы-
сында – сүйіндік, Денгіз болысында – қуандық рулары қоныстанды.
Аймақтың солтүстік жəне солтүстік шығыс аудандарында ке-
рейлер орналасып, олардың жалпы саны 70 мыңға жетті. Керейлердің
қалың орналасқан жері ретінде Петропавл уезі саналды. Уезде əйел
мен ерлерді қоса есептегенде барлығы 20 мың адам тұрды. Уақтар
кіші топтармен Со
лтүстік Қазақст
анның барлық уездерінде
шоғырланды. Петропавлда олардың саны – 10 мыңнан асты.
Ақмолада тұрып жатқан уақ жəне керейлер саны – 10 мың адамды
құрады. Арғын тектілерінің көршілері тарақтылар барлық Орта жүз
аумағында орналасып, олардың негізгі бөлігі Атбасар уезінде – 1,3
мың адам өмір сүрді.
«XIX–XX ғғ. Көкшетау уезіндегі қазақ тайпаларының орнала-
су» картасына сəйкес уезд аумағында арғын, керей, уақ жəне қыпшақ
тайпалары өмі
р с
үрді. Уездің аумағында негізінен керей тайпасының
ақсары руы жəне арғын тайпасынан тараған қарауыл жəне атығай
рулары орналасты
3
. Уездің Көкшетау болысы 9 əкімшілік ауыл
шарашылықтарын біріктіріп, оларда келесі рулар орналасты:
қожағұл, бектас, байман, барақ, берде, монтай, қыпшақ, сұйыққара,
елтоқ, жібек, дулат, манай, тоқтамыш, тебет. Көкшетау уезінің Жы-
ланды болысының 9 əкімшілік ауылдың қысқы тұрақтарында келесі
рулар орналасты. Олар: Қарамен өзені маңында – наурыз руы; Бірлік
өзенінде – уақ, ақмамын, жаман-ноғай, еділ жəне кеге-дауыл ру
лары.