14
XIX ғ. соңында зерттеуші ғалым А.И. Добросмыслов Торғай
облысын негізінен Орта жəне Кіші жүздің руларды орналасқандығы
жайлы айтады
7
. Оның деректері бойынша Торғай облысында
негізінен Орта жүздің арғын тектілері апай, айдерке, сүйіндік,
қараман, жолдыбай, түлек рулары, қыпшақ тектілері қарабалық,
күлдене, танабұға, ұзын, бұлтүн, торыайғыр рулары. Кіші жүздің
əлімұлы тармағынан тараған қаракесек, төртқара, шөмекей, кете,
шекті рулары, жетіру тектілері кереит, кердері, табын, телеу,
жағалбайлы рулары, Байұлы тектілері алаша, жаппас, алтын, шеркеш
ру
лары тұр
ды.
1899 ж. деректері бойынша Торғай облысының Қостанай
уезінің аумағында 14 қазақ болысы есепке алынды. Уезде
қазақтардың бес ірі ру бірлестіктері өмір сүрді. Олар: Орта жүздің
арғын, керей жəне қыпшақ рулары. Кіші жүздің жағалбайлы жəне
жаппас рулары. Орта жүз ру бірлестіктері негізінен уездің солтүстік
бөлігінде орналасты. Кіші жүздің жағалбайлы руы уездің Жетіқара
жəне Қумақ болыстарынд
а
, жаппас руы Бестөбеде орналасты.
1899 ж. 25 қарашадағы Қостанай уезінің бастығының Торғай
болысының Əскери Губернаторына жазған рапортында рулардың
орналасуы төмендегідей көрсетілген
8
. Олар: Аман-Қарағай болысын-
да (арғындардың – 1892, қыпшақтар – 100, төленгүттер – 70,
сұлтандар – 30, керейлер – 25 киіз үй отбасыларымен); Арақарағай
болысында (қыпшақтардың – 1938, жаппас руы – 152, телеу руы –
19); Убаған болысында (арғындар – 876 киіз үй отбасыларымен);
Қыңарал болысында (қыпшақтар – 1437, төленгүттер – 50, сұлтан
руы – 40, жаппас руы – 25, табын руы – 10); Дамбар болысында
(қыпшақтар – 1412, жаппастар – 53, жағалбайлылар – 51); Мендіқара
болысында (керейлер – 1721, сұлтандар – 6); Шұбар болысында
(қыпшақтар – 2224, жаппастар – 400, телеулер – 18, арғ
ы
ндар – 15,
ходжындар – 15, табындар – 4); Қарабалық болысында (қыпшақтар –
933, жаппастар – 240, табындар – 28, сұлтандар – 1); Сарой болысын-
да (қыпшақтар – 1200, жаппастар – 400, табындар – 34, алтын руы –
30, арғындар – 25); Бестөбе болысында (жаппастар – 643, телеулер –
292, керейлер – 13, арғындар – 6, сұлтан руы – 2); Жетіғара болысын-
да (жағалбайлылар – 1983 киіз үй отбасыларымен); Жылқуар болы-
сында (жағалбайлылар – 1379); Қумақ болысында (жағалбайлылар –
1294, сұлтандар – 19); Сүйіндік болысында (жағалбайлылар – 1183,
қыпшақтар – 4).