70
дəстүріндегі бұл атаудың мəнісі: Əміренің баласы, қарауыл руының
жауар деген табынан, Омбы өңірінде туып, тұрақ етуші деген
мағынаны білдірсе керек. Осынысынан-ақ, Зейнелғабиденнің
шығыстық дүниетаным үрдісіндегі дəстүрге беріктігі білініп-ақ тұр.
Медіресе бітірген соң, талапты жас өз елі Сыйыршыда орыс-
қазақ мектебін ашып, оны жаңаша үлгімен оқыта бастайды. Қазіргі
Омбы облысының Моска
лен ауданы
ндағы Ебсейті көліне құятын
Саға деген жерде халық қаражатына медресе салдырады.
Ол ашқан оқу орны-мектеп-медіресе аталып, былайғы жұрт
«Зейнелғабиден мектебі» деп атаған. Ағартушылық көзқарасы Ыбырай
Алтынсаринмен үндес болған ол, ағарту ісінде бұрын қазақ баласы
көріп-білмеген нəрселерді жасап, прогрессивті қызметімен танылады.
Алдымен халық қаражатымен арнайы мектеп үйін салдырады.
Өзінің сызба
л
ары бойынша бұл мектеп үйі көп бөлмелі етіп салынды.
Онда шəкірттердің оқитын, демалатын, зал, шеберхана, табиғат
мүйісі, тіпті əжетханаға дейін салынған. Ол тек діни сабақтармен
шектеліп қалмай, дүнияуи пəндерді де оқытты. Қыз балаларды да ер
балалармен қосып оқытты. Омбы төңірегіндегі Полтавка орыс
мектебі арқылы өз мектебіне парта, бор, қағаз, көрнекі оқу құрал
д
ар,
тақта алдырып, қабырғаларға карта ілді. Сабақтың басталуы мен
аяқталуын қоңырау арқылы жариялап, білдіру де жаңалық еді.
«Айқап» журналы кезінде Зейнелғабиден Əл-Омскауидың
жоғарыдағы жаңашыл оқыту-тəсілдерін ризашылықпен, құптап
жазған болатын. Зейнелғабиденнің педагогикалық ой-пікірлері Уфа
қаласында жарыққа шыққан «Насихат-қазақия» атты кітабында
жүйелі таратылып жазылды. Онда шəкірттерді сы
н
ып-сыныпқа бөліп
оқыту, оқытудың пəндік жүйесі, əдіс-амалдары, оқытудағы басты
тұлға-мұғалім екендігі, « Мектеп, медреселеріміз бар ма?», «Бала
оқытатын мұғалімдеріміздің вазифасы (міндеті)», «Орысша тіл
үйрену», «Қазақтың тіл өнері» тарауларында ерекше баяндалады.
Жəне оқыту, тəрбиелеу үдерісі үнемі дін, шариғат жолымен
түсіндіріледі. Дін мен оқыту ісін қатар алып отырады. Шəкірт
тəрбиесіндегі иманд
ылық, адамг
ершілік мəселелерін үнемі назарда
ұстайды. Зиялы, ағартушының осындай педагогикалық ұстанымы,
ой-тұжырымдары, пікірлері күні бүгінге дейін өз мəн-мағынасын
жоғалтпағандығын, ескірмегендігін мойындауымыз қажет.
Əсіресе, ағартушының сол кездің өзінде қазақ балаларының
бастауыш мектепті өз тілінде тəмəмдап, тек 11 жастан асқан соң ғана
орысша оқу керектігі, ғылыми-педагогикалық, психологиялық