№1 Практикалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Іс қағаздары туралы ұғым. Қазақ іс қағаздарының
тарихынан.
Сабақтың мақсаты: Ресми іс қағаздары терминінің мағынасын түсіндіріп, оған
қатысты негізгі түсініктер мен анықтамаларды меңгерту.
Қазақстан Республикacы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106
Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік
бағдарламасында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14
тамызда қабылданған№ 769 "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің аясын
кеңейту туралы" қаулысында көзделген шараларды жүзеге асыруға үлес қосу
мақсатында осы пән енгізілді.
"Ресми іс қағаздары" термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін
құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді. Еңбек қарым- қатынастары,
басқару қызметі күрделелінген, ақпараттар ағыны барынша ұлғайған қазіргі
заманда ресми іс қағаздарының түрлері өте мол. Мәселен, мекемені, ұйымды
басқару, яғни әкімшілік мәселелеріне қатысты ресми құжаттардың (өтініш, бұйрық,
мінездеме, тіркеу карточкасы, кадрлар жөніндегі іс парағы және т. б. ), басқару
функциясы жөніндегі нормативтік, бұйрықша-жарлықшы құжаттардың (жарлық,
қаулы, ереже, заң және т. б. ), сондай-ақ жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар
арасындағы қарым- қатынастарды реттейтін құжаттардың (қолхат, кепілхат,
мәмілешарт, келісім, сенімхат және т. б. ) түрлері сан алуан. Кәсіпорындар мен
фирмалардың, мекемелер мен ұйымдардың, министрліктер мен ведомстволардың
сыртқы қарым-қатынастарын ұйымдастырып, реттеп отыратын іскери хаттың
(өтінішхат, ілеспехат, ақпараттық хат, шақырухат, жауапхат, бекіту хаты ,
халықаралық хаты) тәрізді үлгілері бар.
Әрбір ресми құжат басқару қызметіне қатысты көлемінде заң күшіне ие,
сондықтан оның нысаны мен құрамы жағынан бірізділігі және стандатты болуы
талап етіледі. Осыған байланысты әрбір құжаттың міндетті түрде қолданылатын
тұрақта, біріздендірілген тәртібі, тұрақты орамдары мен терминдері, яғни
реквизиттері (латынша reguisitium – талап етілген, қажетті) болады.
Ресми іс қағаздарының тілі- бір қарағанда стандартты, қалыптасқан клише
түріндегі тіл сияқты болғанымен, шын мәнінде қазақ тілінің табиғи
заңдылықтарына сәйкес сұрыпталған, жіктелген лексикалық – грамматикалық
жүйесі бар тұтас құрылым. Ресми тілдің кеңсе іс қағаздары сияқты түрлері де, заң
құжаттары да, арнаулы бланкіге толтырылатындары да қазақ тілінің тілдік
жүйесін, лексикалық-грамматикалық, орфографиялық нормаларын жетік меңгеруді
қажет етеді.
Ресми құжат -тұтас құрылым, сондықтан онда:
-мазмұнның қысқа әрі тұжырымды түрде баяндалуы жазылуы тиіс;
-сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында пайдаланылуы тиіс;
-қазіргі әдеби тілдің нормасында көнерген сөздер, сирек қолданыстағы сөздер,
образды фразеологизмдер, қарапайым лексикаға тән тұлғалар қолданылмайды.
XVIII – XIX ғ.ғ. ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының,
батырларының, тархандарының, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік
органдарына жазған хаттары жатады. Бұлардың бір қатары Қазақстан тарихы,
қазақ – орыс қатынастары, қазақ хандықтарының тарихы, сол кезеңдегі саяси
құрылыс туралы жинақтарында жарияланған. Бұл ресми іс қағаздары сол
кезеңдегі қазақ даласының саяси, әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен
қатар, XVIII ғ. II жартысымен XIX ғ. I жартысында қазақ ресми іс қағаздарының тілі
қандай болғанын да көрсете алады. Олар:
1. Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы
мәлімдемесі. 1716 жылғы 13 қыркүйек.