ХАТТАМА
Хаттама – мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жиналысы мен мәжілістерінде
қаралған, талқыланған, қорытындыланған жағдайларды тіркейтін (толық жазатын)
ұйымдастырушы-өкімшіл ресми құжат.
Белгілі бір фактіні куәландыратын құжат (жауап алу хаттамасы, тексеру
хаттамасы).
Қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы факт тіркелетін ресми құжат. Хаттамаға
мекеме басшысы, фактіні тіркеуге жауапты адам және хаттаманы жазған адам қол
қояды, мөр басылады.
1. Хаттамада көрсетілетін міндетті мәліметтер:
1. Мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның атауы.
2. Құжаттың аты (хаттама).
3. Айы, күні, жылы, хаттаманың нөмері.
4. Жиналыс (мәжіліс) өткен орын.
5. Егер хаттаманы бекіту талап етілсе, бекіту (гриф) таңбасы.
6. Қатысқандар туралы мәлімет (саны, аты жөні, лауазымы).
7. Күн тәртібі.
8. Төрағаның және хатшының қолы.
2. Грамматикалық минимум
Изафет құрылым. Жедел өткен шақ –ды/-ді/, -ты/-ті
Сан есімдер. Ауыспалы осы шақ -а-ды, -е-ді, -й-ді
Ырықсыз етіс -ыл/-іл/-л Бұйрық райдың III–жағы: -сын/-сін
3. Оқыңыз, жазыңыз
Хаттама, нөмер, мәжіліс, жиналыс, күн тәртібі, бірлескен мәжіліс, төраға,
хатшы, төралқа, мәселе, қаулы, қорытынды, жарыссөз, пікір, көшірме, хаттаманың
көшірмесі, кеңейтілген мәжіліс, қатысу, қатыспау, сөйлеу, тыңдау, сұрақ қою,
жауап беру, жазу, қаулы ету, шешім қабылдау, қорыту, талқылау, назар аудару,
әзірлеу, қол қою, мөр басу, талдау, мақұлдау, қарсы болу, қол көтеру, қалыс қалу,
дауыс беру, мөр басу, бекіту.
4. Үлгімен танысыңыз
Алматы қаласы Көлік және телекоммуникациялар колледжі
ұжымы жалпы жиналысының №7 хаттамасы
1997 ж. 25 қыркүйек Алматы қаласы
Қатысқандар:
Қатыспағандар: дәлелді себептермен
дәлелсіз себептермен
Күн тәртібі:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің “Сыбайлас жемқорлықпен
күрес туралы” Заңын талқылау.
2. Ғылыми-практикалық конферецияға дайындық туралы.
Тыңдалды:
1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, ________ , _____сөйледі.
(хабарламаның мәтіні тіркелген).