на әсер ету елдің ұзақ мерзімді ұлттық-мемлекеттік ынтасының
басымдылығына бағытталғандығын көрсетеді. Бүгінде біз қол
жеткен жетістіктерімізге мақтана аламыз. Сонымен бірге, алда
әлі де істелмеген істің көп екендігін түсініп, тыныш отыра алмай-
мыз. Мемлекет басшысы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген
мәжілісінде ел тіршілігінің барлық саласын ары қарай жақсарту
үшін отандық экономиканы күшейтілген индустрияландыру бой-
ынша бірнеше мәселелерді шешу жоспарланды. Осы мақсатта
аграрлық саланы, елдің транзитті мүмкіндігін, азық-түлік қауіп-
сіздігін, ғылым, білім, денсаулық және әлеуметтік қамсыздан-
дыру жүйелерін дамытуға бағытталған шаралар қолданылуда.
Әлеуметтік төлемдер, мүгедектерге, зейнеткерлерге қосымша
көмек көбеюде.
Жаһандану жағдайында тек барлық бағыттағы тығыз ынты-
мақтастық қана қазіргі кезеңдегі қауіп-қатерге жауап болатынды-
ғы анық. Тоқсаныншы жылдардың басында-ақ ел Президенті
Н.Ә.Назарбаев елдің болашағына апаратын жалғыз жол – бұл
өзара кірігу деген болатын. Осы идеяны іске асыру барысында
2000-шы жылы ЕурАзЭҚ құрылды, ал бүгінде біз Кедендік одақта
ары қарай Біртұтас экономикалық кеңістікке ену мақсатында
белсенді жұмыс істеудеміз. Халықтың әлеуметтік амандығы біздің
ішкі мұқтаждығымызға сай келіп, бұл саладағы сыртқы қауіп-
қатерге жауап беретіндігін дәлелдеген, уақыт сынынан өткен
сыртқы этносаралық және конфессияаралық келісімнің ұлттық
үлгісінің негізінде жатыр. Қоғамдық келісім және халықтың бірлігі
қазақстандық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін және
біздің мемлекеттің саяси тұрақтылығы негізінде жатқан берік
негіз болып табылады. Мемлекет басшысы айтқандай, біздің ал-
дымызда қазақ халқының, сонымен бірге біздің елімізде тұрып
жатқан барлық этностардың тілдік, рухани және материалдық
мәдениетінің бай қабатына сүйенген әлеуметтік-мәдени қауым-
дастықты қалыптастыру мақсаты тұр. Осы мәселелер енгізілген
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Қазақ-
стандағы бейбітшілік пен келісім жолында қоғамның барлық
этникалық топтарының достығы мен өзара бірігіп әрекет етуін
нығайтуға әсер етеді.
Президент Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХVII
сессиясында сөйлеген сөзінде: «өркендеудің жалғыз жолы –
халықтың бірігуі», – деп атап өтті.
Бұған халықаралық қауымдастық жоғары бағалаған, жақын-
да кезектен тыс өткен Президенттік сайлау дәлел болды. Көп-
теген елдерде бұл кезең әлеуметтік шиеленістің, саяси соғыс-
тың, оларды әшкерелеудің өсуімен қабаттасып жатқанда, біздің
республикада сайлау науқаны керісінше, халықты топтастырды.