ұлт мұраты деп қабылдағанымыз дұрыс. Алаш идеясы ұлтпен
бірге өмір сүретін, ұлт өмірінен тамыр алған құндылықтар жиын-
тығы, ұлттың өмір сүру концепциясы.
Ханкелді Әбжанов былайша ой түйіндейді. «Осылайша,
ұлттық идеяны кемеңгерлікпен түзу Алаш қозғалысын аспандат-
ты, дұрыс ұлттық идеяға табан тіреген Алаш қозғалысы қазақ
қоғамы тарихының жаңа белесін ашты. Ұлттық мақсат-мұратқа,
яғни, ұлттық идеяға адалдық, жанкештілік, интеллектуалдық биік
өремен ағымдағы, кезек күттірмейтін қазіргі және болашақтағы
міндеттерді айқындай білу – бүгінге жеткен Алаш аманатының
ең құндылары» [9].
Ұлттық идеяны көтерген қазақ зиялылары Қазақстандағы
жердің де, мемлекеттің де иесі – қазақ халқы, ал қалғандары
диаспоралар екенін айтумен болды. Қазiргі кезде тарихи ота-
нында жүрген қазақтар мен диаспора санатында шетте жүрген
қазақтардың ұлттық мұраты бiрдей емес. Отанында жүрген
қазақтар үшiн Қазақстанның бүгiнi мен ертеңi басты мәселе,
ал шетте жүрген қазақтар жүрген ортасында қазақ болып қалу
қамын көбiрек жейдi. Уақыт өткен сайын ұлт мұратындағы осы-
нау айырмашылық ұлғаймаса, қабыспайтыны ақиқат. Қытайдағы
қазақтардың кейiнгi толқыны қытайланып, Түркиядағылар түрiк-
тенiп бара жатқаны белгiлi. Еуропа қазақтары арасында қазақ
тілінің жағдайының жыл өткен сайын нашарлап бара жатқанын,
әсіресе жас буынның ана тілін мүлдем білмей ұмыта бастағанын
мойындауға мәжбүрміз.
Сондықтан мың өлiп, мың тiрiлумен азаттыққа жеткен қазақ-
тың тағдырын анықтағыш ұлттық идеясы Қазақстанда ғана өз
жемiсiн бере алады.
Жаһандану үрдісінде қазақ тек өз рухын, жаңғырту, асқақтату
арқылы ғана ұлттық болмысын, атадан балаға мирас болып келе
жатқан ұлан-ғайыр жерін, тәуелсіздігін сақтай алады. Олай бол-
са, бүгінгі қазақты зұлымдыққа емес, адамгершілікке бейімдеу
ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі мәселе болуы тиіс. Бүгінгі қоғам
да осы негізде дамуы керек. Олай болмайынша, қазақтың рухы
өзінің ішкі бірлігі мен тұтастығынан айырылуы мүмкін.
Қазақ рухын жаңғырту, бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және
сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді, яғни, ұлттық мүдде-
лер негізінде жүргізуді талап етеді. Қазақ рухын жүзеге асырудың
бір жолы қазақ идеясын жаңғырту болып табылады. Оның алғы
үлгілері кешегі Алаш ұсынған жолдарда, қанымызда ұйықтап
жатқан ұжымдық санадағы архетиптерде жатыр. Бұлардың
барлығы оянып, жаңғырып бүгінгі қазақтың рухын көтеруге
жұмыс істеуі керек. Олар әсіресе, тілдік саясатта, мәдениетте,
жалпы руханиятта, қоғамдық өмірде көрінуі тиіс. Сонда ғана