Оқулық. Алматы: «Эверо» баспасы, 2009. - 372 б.
Бұл оқулықта әлеуметтік медицина мен денсаулық сактауды басқару
төңірегінде еліміздің заңдары және бүгінгі таңда қалыптасқан
жағдайларды талдау арқылы тәжірибелік сабақтар өткізудің негізгі
тармақтарын саралау жолдары жан-жақты қамтылады. Ғалымдар
республика халқының денсаулық деңгейі жөнінде мысалдар келтіре
отырып, оны медициналық зерттеу әдістерін, әлеуметтік-гигиеналық
талаптарды сақтаудың жолдарын, дәрігерлер мен ғылыми
қызметкерлердің жұмыстарында жиі қолданылатын статистикалық
әдістерді, реформаға сәйкес медицина мекемелерінің жұмыстарын
ұйымдастыруды, ана мен баланы қорғауды, денсаулық сақтау жүйесін
қаржыландыру мен басқа да көптеген маңызды мәселелерді көтереді.
Оқулық барлық медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне
арналған.