7
Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында
қарастыратын мәселелері де айқындала түсті: Онтология - болмыс туралы ілім
(немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология - таным туралы ілім;
аксиология - рухани құндылықтар туралы ілім; праксиология - адам
шығармашылығы туралы ілім; антропология - адам туралы ілім; логика - дұрыс
ой - қорыту жөніндегі ілім.
Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру ж
ағдайы,
материя, оның фомалары, сана және сансыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен
әлемдегі алатын орыны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет,
экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.
Ф. Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы –
ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне,
осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны
айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен объектісі - адам және он
ың
әлемдегі орны.
Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың арақатынасы
туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек.
Бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не - идея, рух па әлде материя
ма деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұ
рақ қояды.
Екінші жағы: адам баласы дүниені танып – біле алама, әлде танып – біле
алмай ма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді.
Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда
негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм мен идеализм.
Онтологиялық сұрақ – дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не
сана, рухпа деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология – дүниені
танып-білу мүмкін бе, әлде мүмкін емес пе деген сұрақ қояды.
Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру
барысында филосо
фияда екі негізгі бағыт пайда болады, олар: материализм
және идеализм.
Материалистік бағыт – дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады,
материя – санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен да
муға
қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.
Материя – адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада
бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) объективті шындық. Материя
әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп объектілер мен формалардың
субстанциялық негізі болып табылады.
Материалистік – философтар қатарына саналатындар: Фалес, Демокрит,
Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро,
Герцен, Чернышевский, Ма
ркс, Энгельс, Ленин т. б.
Идеализм – философиясының негізгі мәселесін шешудегі материялизмге
қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы
ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас.
Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:
- Объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),