
84
факторлардың бipi ретінде қарастырылып келсе, ал бұл неміс ойшылының
пікірінше техника қазіргі дәуірдің болмысы болып табылады. Және
Хайдеггерге дейін техника ең алдымен мәдениет философиясы мен тарих
философиясының және тек кейін ғана антропологияның мәселесі болып келсе,
ал М.Хайдеггер онан метафизиканың мәселесін шығарды. М.Хайдеггерде де
техника болмыстың терең қасиеттерін пайымдаудың маңызды тәсілі болып
табылады. Ол болмыстағы табылуға және өзінің нағыз, бүлінбеген кейпінде
көрінуге тиіс нәрсенің жасырын жағын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.
Техниканың мәні арқылы адам болмыспен тілдесіп, оның үнін естиді. Бірақ
импульс дұрыс табылмауы мүмкін өйткені техника адамды өзіндік ашылудың
жалған жағына қарай итермелейді.
К.Ясперс техниканы түсіндіруде Хайдеггерлік түсінікке жақын келді. Ол
өзінің «Тарихтың қайнар көздері мен мақсаты» деген еңбегінде техниканы
әлемдік тарихтың түбегейлі жаңа факторы ретінде қарастырады. К.Ясперстің
пікірінше қазіргі заманда былайша пайымдау қажет: «Қазіргі уақытта біз
тарихтың бұралаң кезінде тұрғанымызды сезінеміз, бұдан жүз жыл бұрын - ақ
бұл кезенді антик әлемі дағдарысымен салыстыра бастап еді, ал кейінірек оның
тек Еуропа мен Батыс мәдениеті үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін орасан зор
маңызы бар екендігін байқалды. Бұл - техника ғасыры өзінің барлық
салдарымен қоса, адамның еңбек, өмір, ойлау саласындағы, символика
саласындағы мыңдаған жылдар бойы жинақтағанынан сау - тамтық
қалдырмайтын сияқты. Қазіргі техниканың пайда болуымен барлығыда өзгерді.
Ең алдымен, К.Ясперстің пікірінше, адамның табиғатпен байланысы өзгерді.
Адам техниканың көмегімен табиғатты бағындыра отырып, өзі табиғаттың
ықпалына түседі, табиғат адамның тиранына айналады. Техника адамның
барлық күнделікті өмірін өзгертіп жіберді, ол «бүкіл өмір сүруді белгісіз
техникалық механизм әрекетіне, ал бүкіл планетаны - тұтас фабрикаға
айналдырды. Сонымен бірге адамның өз түбірінен толық ажырауы жүзеге асты
және бұл бүгінгі күш де жалғасуда. Адам отансыз жердің тұрғынына айналып,
дәстүр жалғастығын жоғалтты. Рух пайдалы функцияларды орындау мен оқып
- үйрену қабілетіне айналды». Ары қарай К.Ясперс былай деп жазады: «Мына
нәрсе күмәнсіз: техника адамның өзін өзгертуге бағытталған. Адам енді өзі
қалыптастырған техника ықпалынан босанып шыға алмайды. Және техникада
шексіз мүмкіндіктермен қатар, шексіз қауіп-қатердің де бар екендігін күдік
туғызбайды. Адам өзі техниканың билігінің астына қашан және қалай түскенін
аңғармай да қалды». К.Ясперстің пікірінше, техниканың маңызы мен рөлінің
құдіреттілігі сонша, оның мәнін ашпай қазіргі ахуалды пайымдау мүмкін емес.
Техниканың нақтылығы адамзат тарихындағы үлкен бетбұрысқа әкелді, біз
адамзат өмірін механикаландырудың нағыз дер кезінде тұрғанымызбен, оның
барлық салдарларын болжау небір ұшқыр көріпкелдердің де қолынан келмейді.
80 - жылдары көптеген батыстық философтар техника мен технологияны
тек тарихи ағымда ғана қарастырып, техника мәнін ұғыну мүмкін емес деген
қорытындыға тоқталды. Американдық философ Х.Сколимовскидің «Техника
философиясы адам философиясы ретінде» деген жұмысында айқын көрінеді.