
мазмұнынан тазартты, сөйтіп «басы, төмен карап тұрған диалектиканы аяғына
қойып» дүрыстады, яғни ғылыми материалистік теорияны ғылыми
диалектикалық әдіспен табиғи біріктірді. Осы түрғыдан алғанда материалистік
диалектиканы тек әдіс деп, ал философиялық материализмді тек теория деп қана
түсіну үстірттік болар еді. Материалистік диалектика шындығында тек әдіс
емес, ол сондай - ақ даму жайындағы теория - табиғаттың, қоғамның және
танымның ең жалпы даму заңдары жайындағы ілім, ғылыми теория.
Философиялық материализм теория ғана емес, сондай - ақ болмысты белгілі бір
тұрғыдан түсіндіретін материалистік әдіс. Қорыта айтқаңда, марксистік әдіс
диалектикалық қана емес, сондай - ақ материалистік, ал марксистік теория -
материалистік қана емес, сондай - ақ диалектикалық әдіс. Демек, марксизм
философиясында материализм мен диалектика біріне - бірі тәуелсіз екі құрамдас
бөлшек емес, біртұтас ілім, өйткені ол бейнелендіретін шындық дүниенің өзі - бір
мезгілде әрі материалдық, әрі диалектикалық дүние.
Сонымен, дүниеге диалектикалық - материалистік көзқарастың жасалуы,
материализмнің диалектикалыққа айналуы, материалдық дүниенің және оны
таньп - білудің ішкі диалектикалық процесінің ашылуы Маркс пен
Энгельстің философияда жасаған революциялық төңкерісінің ең бірінші
көрінісі болып табылады.
Марксизмге дейінгі материализм жай пайымдаушылық сипатта болды:
оның өкілдері дүниені практикадан тәуелсіз, адамдардың дүниені өзгертуге
бағытталған мақсатты іс - әрекетіне байланыссыз - ақ танып білуге болады деп
санады. Диалектикалық материализмнің негізін салушылар, керісінше,
адамдардың дүниені танып білуінің негізі практикалық іс - әрекет, оның ішінде
материалдық игіліктер өндіруге бағытталған мақсатты іс - әрекет екенін терең
түсіне отырып, таным теориясына практика критерийін енгізді, практика
танымның негізі және ақиқаттылықтың өлшеуіші, анықтаушысы деген
қағиданы енгізді. Сөйтіп, Маркс пен Энгельс теория мен практиканың табиғи
бірлігін қамтамасыз етті. Бүл да марксизмнің философияда жасаған
революциялық төңкерісінің көрінісі болды.
Маркс пен Энгельстің философияда жасаған революциялық төңкерісінің
ең айқын көрінісі тарихтың материалистік үғымының жасалуы болды, өйткені
Маркстен бүрынғы материалистердің бәрі тек табиғат қүбылыстарын түсіңдіруде
ғана материалист еді, ал қоғам өміріне келгенде олардың бәрі идеализм
шеңберінен шыға алмады, қоғам өміріндегі шешуші күш сана, рухани бастама
деп түсінді, өйткені, деді олар, адамдарды түрліше іс-қимылға бастайтын
идеялық мотивтер, адамдардың мақсат - мүдделері деді, бірақ бұл идеялық
мотивтерді тудыратын түпкі себептерді ашып бере алмады.
Диалектикалық материализмнің негізін салушылар адамды қимылға, іс -
әрекетке бастайтын идеялық мотивтермен шектеліп қалмай, бұл соңғылардың
шын себебін ашты; ол себеп адамдардың материалдық игіліктер өндіруге
бағытталған қызметінде екенін дәлелдеп берді. Олар идеологиялық
қатпаршақтардың астында жасырынып келген мынадай аса қарапайым фактіні
ашып берді: «адамдар саясатпен, ғылыммен, өнермен, дінмен т.б. айналысу
52