Бейжің: Ұлттар баспасы, 2004 ж., - 86 б., ISBN 7-105-06295-9
Бүгінгі күнде жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен
мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру сондай-ақ ана тілі
мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтық
салт-дәстүрлерді аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу - басты
міндеттердің бірі.
Жас ұрпақтың ұлттық дүние танымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдары, наным-сенімдерінің алатын орны ерекше. Өйткені оларда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі сақталған, ұлттық рухани байлықтың қайнар көзі мен мүмкіндігі көрініс тапқан. Алайда халқымыздың осы асыл мұрасын тәрбие көзі ретінде пайдалану талапқа сай емес. Ізгі тәрбие тағылым құралы болып табылатын қазақы тыйымдар мен ырымдар жіктеліп, бір жүйеге түсірілмеген.
Ұсынылып отырған кітап қазақ халқының тыйымдары мен ырымдары, наным сенімдеріне қатысты біршама материалдар қамтылды. Олар ғылыми негізде бірнеше бөлімде іріктеліп, әрқайсының мән-маңызы, себеп-салдары жөнінде қысқаша тұсінік берілді.