Алматы: Өнер, 2011. — 616 бет. — ISBN 978-601-209-150-2
Сөздік қазақтың үлкен жазба әдебиеті мен ұлттық әдеби тілінің берік
негізін қалаған ұлы ақын Абай Құнанбаев шығармалары тілінің бүкіл
сөз байлығын түгел қамтиды.
Бұл кітап Абай өмір сүрген шақтағы, XIX ғасырдың екінші жарымы тұсындағы, қазақтардың мәдени дәрежесі жөнінде ғана нақтылы түсінік беріп қоймайды, қазақ әдеби тілін дамытудағы, оны бірыңғай ізге түсіріп қалыптастырудағы Абайдың рөлін көрсетеді.
Сөздіктен қазақтың ұлттық әдеби тілінің сол замандағы құрамы мен құрылымы, атап айтканда, сөздердің сол кездердегі жасалу және өзгеру жүйесі, қолданылу және жұмсалу үлгілері, әдеби нормалары, лексикалық және грамматикалық амал-тәсілдері, стилистикалық өрнектері кәміл аңғарылады.
Бұл еңбек - жеке жазушы тіліне алғаш рет арнайы жасалып отырған әрі тарихи-жөнеме, әрі толық түсіндірме сөздік. Сондай-ак, ол - қазақтың қазіргі әдеби тілінің даму тарихы жөнінде де негізгі құралдың бірі боларлық тұңғыш тырнақалды.
Сөздік нағыз оқырмандар көпшілігіне - ғылыми қызметкерлерге, әдебиетшілерге, баспасөз бен ағарту майданындағы қызметкерлерге, аспиранттар мен студенттерге және де басқа жан күйерлер мен әуесқойларға арналып жасалған.