өнімдерін, қаруды, музыкалық аспаптарды, рулық және тайпалық атауларды, тамақ
аттарын, аңдарды, өсімдіктерді, күн, ай, жыл аттауларын, қалаларды, ауру атарын,
ойындарды білдіретін сөздерді кездестіреміз. 29 тайпаның этноним, топонимдерін٭,
туыстық атаулары мен киім-кешек, тағам аттарын, салт-дәстүр ерекшеліктерін атап
көрсетіп, ұсақ рулардың таңбаларына дейін сипаттайды. Сол кездегі түркі
халықтарының дүниені қабылдауы, этникалық нормалары мен құндылықтары, өзін-
өзі ұстау әдеті тілге тиек етіледі. Әртүрлі тайпалар арасындағы тарихи-мәдени
байланыстар, Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар
жайында (Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды мәліметтер
келтіріледі. М. Қашқаридің картасы бойынша олар Румнан Шығысқа қарай: бегемен,
кыфган, огуз, иемен, башқұрт, басмыл, кай, йабаку, катар, хырғыз, ары қарай
чигель, тухси, йагма, уграк, чарук, чомыл, уйгур, хытай, тагут, табгаш.
Ұлы ғалым 3 томнан, 8 кітаптан тұратын кітапта 6800 түрік сөзін жинақтап (110
жер-су атауы, 40 түрлі халық пен тайпалар), араб тілінде түсіндірме береді. Кітапта 242
өлең жолдары, 262 мақал мен мәтел келтірілген. "Диуанидегі" 875 сөз бен 60 мақал-мәтел
ешқандай өзгеріссіз қазақ тілінде кездесетіні ғажап. Айтылғандай, қолжазба үш томнан
тұрады. Оның ішінде 8 тарау бар, әр тарауды бір кітап деп атаған. 1-кітап әліп әрпінен
басталатын сөздерді талдап зерттеуге арналған. 2-кітап дауысты дыбыстары (әліп, уау,
йай, әріптерімен берілетін дыбыстары) жоқ сөздерді қарастырады. 3-кітап бір әріпті екі
рет қайталанып келетін сөздерді зерттейді. 4-кітап йай әрпінен басталатын сөздер
туралы баяндайды. 5-кітап үш әріптен тұратын сөздерді, 6-кітап төрт әріптен құралған
сөздерді, 7-кітап мұрын жолымен айтылатын дыбыстарды, 8-кітап екі дауыссыз дыбысы
бар сөздерді талдауды ниет еткен. Әр кітапты Махмұд ибн Құсайын «есім сөздер» және
«етістік сөздер» деп екі топқа бөлген. Олардың әрқайсысы өзара тағы да талай жіктерге
бөлініп отырған. «Әр адам оңай түсіну үшін – деп жазады М.Қашқари, – мен араб
тілінде қолданылып жүрген терминдерді пайдаландым». «Түркі тілінің араб тілінен
ешқандай кемдігі жоқ» деген пікірін де автор осы жерде айтып кетеді.
«Бұл кітапты – деп жазады Махмұд – мен алфавиттік ретепен жаздым, оны
мақалдармен, саджалармен, мәтелдермен, өлеңдермен, раджаздармен (әскери
өлеңдермен) және прозалық үзінділермен өрнектедім. Мен қиындарды жеңілдеттім,
түсініксіздерді түсіндірдім, жылдар бойы жұмыс істедім: (Кітап оқушыларын)
олардың (түріктердің) әдет-ғұрпымен және білімімен таныстыру үшін, оған олардың
оқитын өлеңдерін, бақытты және бақытсыз күндері данышпандық әңгімелер айту
үшін қолданатын мақалдарын шешен, айтушыға, ал ол келесі айтушыға жеткізу үшін
төгілте жаздым. Сонымен (сөздермен) қатар аталған пәндерді және белгілі (жиі
қолданылатын) сөздерді кітапта жинақтадым, сондықтан кітап жоғары деңгейге
көтерілді және айқын басымдылыққа жетті».
II.2.2.1. (тәрбие мәселесі)
Ғалымның айтуынша, кітаптағы сөздер әрбір буындағы әріптердің өзара тәртіптері
бойынша түзілген. Әр сөз араб тіліне аударылып, сол сөздің жұмсалуы жайында
мысалдар келтірілген. Мысалдардың көбі – халық аузынан жиналған ақыл-кеңес беретін,
насихат айтатын, ғибрат алатын, үлгі-өнеге көрсететін парасатты сөздер, мақалдар мен
мәтелдер, қанатты тіркестер, қалып алып кеткен ойлар, тұрақты сөз орамдары, өлеңдер,
әдеби үзінділер.