Немістің шығыс зерттеушісі Г.Бергштрессер Махмұдтың еңбегін Ибраһим Исқақ
ибн Ибраһим әл-Фарагидің (916 ж. қайтыс болған) «Араб тілінде жазылған
шығармалардың жинағы»деп аталатын кітабының ізімен түзілген болу керек деген
ойға келеді (К.Броккельман да осы пікірге қосылатын сияқты). Мәселенің бұл арасы
беймәлім. Бірақ А.Н.Кононов мынадай тұжырым айтады: «М.Қашқари – талай кітап
оқыған, терең білім тоқыған, зердесі жетік, эрудициясы мол адам болғандықтан,
кімнің де болса ізіне түспей, өз бетімен жол салып, бағдар алған азамат. Ол өзінің
әдістемесін жасап, оны жетілдіріп, түркі тілдерінің өзіндік табиғатын тануға бейімдеп
отырғанң. Сол кездегі алапат заманның ағымына қарай М.Қашқари былай жазған еді:
«Түркілердің оқтарынан сақтану үшін, олардың барлық іс-әрекеттерін берік ұстану
әрбір ақылды кісіге ләзім және жөні де сол. Бұларға жақын болу үшін ең басты жол –
олардың тілдерінде сөйлесе білу, сондықтан олар бұл тілде сөйлесушілерге ықыластана
құлақ қояды, өздеріне жақын ұстайды, оларға азар бермейді. Тіпті, олар өз қол астында
жүрген басқалардың күнәсі болса, Һәм кешіріп жібередің. «Сенімді бір Бұқаралық
ғалымнан және нишапурлық басқа бір сенімді ғалымнан мынадай бір сөз естіп едім, –
деп жазады М.Қашқари одан әрі: – Олар бұл сөзді Пайғамбар айтыпты-мыс дегендей
қылып айтып еді... «түркі тілдерін үйрен, өйткені олардың билігі ұзақ уақыт үстемдік
құрадың – деп едің.
Бұл қысқаша бір әңгімені академик А.Н.Кононовтың сөзімен аяқтаймыз:
М.Қашқаридың «Диуаның – көптеген түркі халықтары мен олардың тілдері жайында
алтындай жарқыраған өте байыпты да тамаша байқауларға толы жиһаз, яғни теңеуі
жоқ қазына.
Бірер сөз – «Диуандағың өлеңдер жайында. Зерттеліп отырған сөздің түр-тұлғасы,
мағыналық ерекшеліктері мен қолдану аясын ашу үшін М.Қашқари келтірген мысал
өлеңдер тұтасымен алынған текст емес, үзінділер. Олар мағынасы мен құрылысы
жағынан әр қилы. Үш том кітаптың ұзына бойына шашырап, әр жерде бір жазылған
(бір жерде екі жол, екінші жерде төрт жол т.т. – одан артық емес).
III.1. (Кононов материалдары)
Еңбектің мәтінін басып шығарумен, тілін зерттеумен көптеген ғалымдар
айналысты. Мысалы Броккельман, сөз тіркестерін алфавиттік тәртіпке келтіріп неміс
тіліндегі аудармасын басып шығады. Түрік ғалымы Басым Алатай 1914 жылы
қолжазбаны түрік тіліне аударып, үш томдықты Анкарада 1934-1943 жылдары басып
шығарды. 1960-1967 жылдары Мутаблибов. С жұмысты Өзбек тіліне аударды. Содан
соң жұмыс Қытайда Ұйғыр тілінде басылып шықты.Азербайжан ғалымы А.
Демирчизаденің айтуынша еңбек азербайжан тілінде де басылған. Баскаков Н. А,
Қашқариді "түрік тілдерін салыстырудың пионері" деп, Самойлович А. Н - "ХІ ғасырдың
Радловы" деп атады. Еңбектің мазмұны көптеген баға жетпес экономикалық,
материалдық, түркілердің жан дүниелік құндылықтарынан тұрады. Мұнда әдебиет
саласы, географиялық және астрономиялық мәліметтер, тіл ерекшеліктері мен ғылыми
зерттеу жұмыстары бар. Академик И. А. Кононов материалдармен қамтылуына
байланысты "Диуаниді" 5 салаға бөледі:
1. Сөздік қор, анықталған рудың лексикасы.