Еңбек нарығы экономика ғылымдарының бір саласы болғандықтан
адамның табиғат және қоғамның тиімді әрекет етуін қалыптастыруының
және дамуының заңдылықтарын оқып білуге бағытталған.
Еңбек нарығы экономикасының теориялық және әдістемелік негізі
болып экономикалық теория табылады. Осы курсты оқып үйрену арқылы
қоғамдағы экономикалық қатынастарды игеруге болады. ЕН экономиканы
дамытудың өзіне тән заңдарын қарастырады.
Еңбектің экономикалық қатынастарын оқып үйрену арқылы жұмысшы
күштердің даму жайын да білуге болады. Ал ол кәсіпорын қызметінің
тиімділігін арттырудың, оны интенсивті даму жолына көшірудің кепілі
болып табылады. Еңбек нарығы экономикалық заңдардың әсеріне
бағынышты: сұраным, ұсыным және құн заңдарына. Еңбек нарығының
мәселелерін к/о және фирманың қазіргі экономиканың білімісіз шешу мүмкін
емес, өйткені жаңа технологияны, өндірісті білмей еңбек нарығы өзінің
міндеттерін дұрыс атқара алмайды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. ЕЭН мақсаты мен міндеттерін атаңыз.
2. Еңбектің адам өміріндегі рөлін сипаттаңыз.
3. Еңбектің қазіргі қоғамда және экономикалық пәндер арасындағы
орнын бағалаңыз.
Ұсынылатын әдебиет:
1.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Нурекенов Н.Ғ. Еңбек нарығының
экономикасы. С., 2003.
2. Нурекенов Н.Г., Тойкин С.Х.,Курманбаев С.К. и др. Экономика рынка
труда. Уч. пос. С., 2002.
3. Сәлімбаева Б.К., Досхожаев Д.Т. Еңбекті мөлшерлеу. А., 2001.
4. Адамчук В.В. и др. Экономика и социология труда. М.:Юнити, 1999.
5. Рощин С.Ю. Экономика труда. М., 2000.
6. Кулинцев И.И. Экономика и социология труда. М., 2001.
Тақырып 2. Еңбек адам мен қоғамның тіршілік әрекетінің негізі
ретінде.
1. Еңбек адам әрекетінің саласы ретінде.
2. Еңбектің түрлерін жіктеу және олардың сипаттамасы.
3. Кәсіпкерлік еңбек қызметінің маңызды саласы ретінде.
4. Нарық жағдайларында еңбекті басқару.
1. Еңбек – бұл адамның табиғи, материалды және интеллектуалды
ресурстарды жеке және қоғамдық тұтынуға қажет өнімге айналдыру үшін
мақсатты қызметі. Еңбек процессінде мақсатқа жету үшін адам еңбек
құралдары немесе заттарымен, қоршаған ортамен әрекет етеді. Еңбек адам
тіршілігінің және дамуының негізі болып саналады. Қоғамдық еңбекті
қоғамда өмір сүретін және жұмыс істейтін адамдардың өткен және қазіргі
(тірі) еңбектің қосындысын атауға болады.
Қоғамдық еңбектің элементтері болып:
1. Өндірістің заттық элементтері.
2. Жеке.