дамыған елдерде жұмыспен қамтылу саясатының үш үлгісін бөліп көрсетуге
болады: еуропалық, скандинавтық және американдық.
Жұмыспен қамтылу саясатының екі нұсқасы бар: белсенді және енжар.
Жұмыспен қамтылудың белсенді саясаты – бұл жұмыссыздықтың деңгейін
төмендету үшін мемлекет жүргізетін құқықтық, ұйымдастырушылық және
экономикалық шаралар. Ол жұмыс орындарын сақтай отырып
жұмыскерлерді жұмыстан шығаруды болдырмау, жұмыс іздеушілерді
даярлау және қайта даярлауды, жұмыс орындарын белсенді іздеуді, жаңа
жұмыс орындарын қаржыландыруды қамтиды. Енжар саясат
жұмыссыздарға жәрдемақы төлеуді және мемлекеттік жұмыспен қамту
қызметтері арқылы жұмыс орындарын қамтиды, сонымен қатар
жұмыссыздарды материалдық қолдау саясатын жүргізеді.
Жұмыспен қамтылудың мемлекеттік саясаты күшіндегі заңдылықтарға
сәйкес келесілерге бағытталған:
- еңбек үшін адам ресурстарын дамытуға;
- әр түрлі факторларға қарамастан елдің барлық азаматтарына
ерікті еңбек пен жұмысты еркін таңдауларына;
- заңдылық шегінде азаматтардың еңбек және кәсіпкерлік ынтасын
қолдау;
- халықтың жұмыспен қамтылу аясындағы әлеуметтік қорғалуын
қамтамасыз ету;
- істеп тұрған жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс
орындарын ашқан жұмыс берушілерді марапаттау;
- халықты жұмыспен қамтамасыз ету және оны бақылау жөніндегі
мемлекеттік органдардың, кәсіподақтардың, басқа да өкілді органдардың
қызметтерін үйлестіру;
- халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешудегі
халықаралық ынтымақтастыққа да қатысу. Халықтың жұмыспен қамтылудың
белсенді мемлекеттік саясатын жүргізу еңбек нарығындағы жағдаймен оның
болжамды дамуынан туатын еңбекпен қамтудың мемлекеттік және аймақтық
бағдарламаларын жасау арқылы жүзеге асырылады.
Еуропа Қауымдастық елдерінде жұмыссыздыққа беретін
жәрдемақыларға жалпы көзқарас белгіленген. Біріншіден, жәрдемақының
көлемі еңбек ақысының деңгейінен және сақтандыру жарналарын төлеуінен
тәуелді. Екіншіден, қарауындағы адамдарға байланысты қосымша төлемдер
мен субсидиялар қарастырылады. Үшіншіден, материалдық қолдау
механизмнің мәні жартылай жұмыссыздық болған жағдайларда білінеді.
Төртіншіден, жәрдемақылар төлеудің мерзімдері үнемі шектелген. Осы
жәрдемақы алудың жағдайлары жұмыссыз адамды белсенді жұмыс іздеуіне
талпындырады. Мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігі халықтың
әлеуметтік көмегінің көлеміне байланысты емес, ол жұмыссыздық
проблемаларын тәжірибеде шешуден байланысты, ал мұндай жағдай істеп
тұрған өндірістің жағдайында ғана мүмкін.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Еңбек нарығын реттеудің тарихи тәжірибесі қайдан басталады?