Павлодар: ПМПИ баспасы, 2011. — 187 бет. — ISBN 9786012671193
Еңбек қазақ тілін функциональды аспектіде қарастыратын ғылыми
зерттеулерді жинақтаған. Функциональды лингвистиканың зерттелу
тарихына шолу жасалып, ондағы зерттеу бағыттары мен үрдістері
айқындалады. Функциональды грамматиканың басты ұғымдарына
толыққанды сипаттама беріледі. Функциональды синтаксис және
функциональды морфология салаларындағы зерттеулер сарапталып,
ондағы мәнді тұжырымдар мен талдаулар ашылады. Функциональды
морфологиядағы тіл бірліктерінің қызмет ерекшеліктері мен
функциональдық мүмкіндіктері талданады. Мәтіннің функциональдық
грамматикадағы орны да баяндалады. Зерттеу нәтижесінде түйінделген
ғылыми тұжырымдар мен бағыт-бағдарлар ғылыми қызметкерлер, жоғары
оқу орындарының оқытушылары, ізденушілер мен жоғары оқу орындары
филология факультеттерінің магистранттары, студенттері үшін пайдалы
деп санаймыз.