Словарь
  • формат pdf
  • размер 2,11 МБ
  • добавлен 23 марта 2015 г.
Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. Қазақ тіліндегі араб сөздері. ІІ том (2/2)
Алматы: «Білім», 2010, - 387 б.
Арабтың қазақ тіліне біраз сөздері енген. Олар көбінше исламның ертерек тараған, бізден гөрі мешіт-медреселері көбірек болған отырықты көршілес елдер — бір жағынан Орта Азия, екінші жағынан татар және башқұрт тілдері арқылы келген. Сондықтан болар, түркі тілдес елдердің ішінде араб сөздерінің ең аз кірген тілі — қазақ тілі екен. Осылай бола тұрса да, қазақ тілінде және оның жазбасында кездесетін араб сөздерінің бәрін қамтып, олардың әрқайсысының ана және қазақ тілдеріндегі мағыналарын толық түсіндіріп айтып беру оңай жұмыс емес екені айтпаса да түсінікті. Бірақ, бұл халыққа керек-ау деген ой жетелеп көп жылдар бойы осы еңбекпен шұғылдануға мәжбүр болдық. Оған өкінбейміз, Бұлай деуіміздің себебі: бұл еңбек қазақ тілін пайдаланушыларға, оны зерттеушілерге, атап айтқанда, оқытушылар мен оқушыларға, жазушылар мен журналистерге, тарихшылар мен этнографтарға, үгітшілер мен насихатшыларға, жалпы интеллигенцияға, араб тіліне қызығушыларға пайдалы көмекші бола алатынына кәміл сенеміз.
Толықтырылған жəне түзетілген екінші басылуы.