Словарь
  • формат pdf
  • размер 1,17 МБ
  • добавлен 23 марта 2015 г.
Оңдасынов Н.Д. Араб текті қазақ есімдері
Алматы: «Білім», 2010, - 120 б.
Қазіргі қазақ тіліндегі араб текті кісі есімдерін үлкен екі топқа бөліп қараудың орны бар. Біріншісі – діни мазмұнды есімдер. Мәселен, Мұхамбет, Омар, Оспан, Ғали, Жүсіп, Фатима, Айша, т.б. есімдер Мұхамбет пайғамбардың, оның сахабалары мен ұл-қыздары, әйелдерінің аттарына байланысты қойылған. Араб тілінен енген есімдердің екінші бір легі — жалпы есім сөздер негізді болып келеді. Мәселен, Жұман — маржан; Кәрім — жомарт; Мансұр — жеңімпаз; Мұхтар — қалаулы, таңдаулы; Жәмила — көркем, сұлу; Зейне — әшекей, т.б.
Қазақтың өз төл сөздерінен қойылған кісі есімдерінен кейін өте көп адам аттары араб текті болып келуінің басты себептерінің бірі — араб тіліндегі қисса, діни шығармалармен және араб­ша шығармалардың желісі негізінде «назирагөйшілдік» әдіспен жырланып, халық арасына қазақша көп тараған жырлармен бай­ланысты. Бұндай қиссаларда арабша нұсқадағы кісі аттары көбінесе сақталып отырады. Олар қазақша есім қоюдың басты көзіне айналады. Күллі Орта Азия мен шығыс халықтары әдебиетіне есімдері паш болған Фирдауси, Низами, Физули, Жәми, Науаи, Хафиз, Рудаки т. б. туындылары арқылы енген немесе араб, үнді, парсы халықтарының «Мың бір түн», «Шах-наме», «Ләйлі-Мәжнүн», «Таһир-Зухра», «Жүсіп-Зылиха», «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат» сияқты аңыз-ертегілері мен хиссаларынан алынған есімдер аз болған жоқ. Сондай-ақ хан, сұлтан, бай мен билер өз балаларына негізінен араб есімдерін қойды. Арабша есім қоюға дін қызметкерлері қожа, молдалардың да ықпалы аз болмаған.