Алматы: ХАНТ, 1997, ISBN 5-620-00894-0
"Түрік тілдердің жинағы (Түрік сөздігі)" - түрік дүниесінің әлемдік
ғылым қазынасына қосқан ұлы мұрасы. Үш томдық бұл зерттеу еңбегі
күллі түрік тілдерінің тұңғыш әрі аса терең мағыналы ғылыми
сипаттамасы. Сахараның ұлы ғалымы, біртуар ойшылы, тіл зергері
Махмұт Қашқари "Түрік тілдердің жинағын" барлық түрік текті ұлыс,
тайпаларды аралап жинап, зерттеп, талдап барып жазған. Күллі түрік
елдерінің әдебиеті мен тілін салыстырмалы түрде зерделеп түзіп
шыққан алғашқы энциклопедиялық кітап. Түрік тілінің тұңғыш та, әсте
қайталанбайтын бірегей оқулығы.
Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған Асқар Егеубай.
Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған Асқар Егеубай.