Фармакология дәрілер туралы ғылым (pharmakon-дәрі logos-ғылым).
Дәрілерді ауруларды емдеуге, алдын-алуға, жануарлардың өсімталдылығы
мен өнімділігін арттыруға олардың ауруға қарсы туру қабілетін күшейтіп,
физиологиялық құбылыстардың бірқалыпты өтуін реттеуге қолданады.
Фармакология-ауқымы кең ғылым, оны медицина, ветеринария, мал
шаруашылығы, биология, фармациясаласында жаңа дәрілік заттарды
синтездеп, олардың табиғаттағы таралуын іздестіруге қолданады.
Осы айтылған бағыттардың әр-қайсысы дәрілер туралы әртүрлі саладағы
мамандарға бұл ғылымның мазмұны бірдей бола бермейді. Ветеринарияда
фапмакологияны тірі организмдердегі дәрілік заттардың әсерінен болатын
физиологиялық және биохимиялық өзгерістердің заңдылықтарын зерттеп,
осының негізінде бұл заттардың мал шаруашылығындағы қолданылуы,
қолдану әдісі мен шарттарын зерттейтін ғылым деп қарайды.
Қазіргі фармакология-басқа ғылымдардың жетістіктеріне сүйенген алдыңғы
қатарлы ғылым. Әртүрлі қоғамдық таптар кезінде ол үнемі кеңейіп,
толықтырылып отырылды. Тіпті өте ертеде анықталған құнды деректер
қазірдің өзінде де маңыздылығын жойған жоқ, әлі де қолданылады. Аса бай
тарихи мұрадан ең маңыздысы-дәрілік заттардың негізгі көзін
(өсімдіктерден, жануарлардан синтездеу арқылы) және олардың әсер етуі мен
қолданылуын оқып – үйрену болып табылады.
Фитонцидтер туралы алғаш мәліметтерді кеңестік ғалым Б.П.Токин
жинақтады. Ол 1928 жылы Мойыл сабағынан бөлінген заттар әсерінен
қарапайым жәндіктердің өлетінің бақылаған. Бұндай биологиялық активті
заттарды ғалым фитонцидтер деп атаған. Бұлар өсімдіктердің барлық
тобынан табылды. Бұндай заттар әсіресе пиязда, сарымсақта, ақ желкенде,
қышада, алоэде, қалақайда көп мөлшерде және басқа да өсімдіктерде де
болады.
Өсімдіктердің фитонцидты әсерін адам баласы әсіресе біздің елімізде
оңтүстігінде кең пайдаланады. Б.П.Токин өзінің Микробты жоюшылар-
фитонцидтер деген кітабында 1932 жылы Ташкент базарында басынан
өткізген бір оқиға жөнінде былай дейді. Күн қапырық, базар лас, ас
даярлаушы «аппақ халат кимеген» және қолы да таза деуге ауыз бармайтын
самса пісіріп тұр. Ғалымға самса жеуге ұсынды, өзбек досының көңілін
қалдырмау үшін бірнеше самса жеді де таң қалды. Етке көп мөлшерде
3