Task 19. Read the text.
Менің отбасым жҽне туысқандарым .
Мынау мен. Менің атым Серік Болатұлы. Мен 50 жастамын. Мен жүргізушімін. Менің әйелім бар.
Оның аты Сауле Абайқызы. Ол 47-де. Ол – мұғалім, физикадан сабақ береді. Біз Қапшағайда тұрамыз.
Екі ұлым және бір қызым бар. Үлкен ұлымның аты Жандос. Ол 27 - де. Кіші ұлымның аты Аян. Ол 19 -
да. Қызымның аты Марияш. Ол 25 – те. Үлкен ұлым үйленген. Ол да Қапшағайда тұрады. Оның екі ұлы
және бір қызы бар. Олар менің немерелерім. Қызым тұрмысқа шыққан. Ол Алматыда тұрады. Оның бір
ұлы және бір қызы бар. Олар менің жиендерім.
Әке-шешем бар. Әкемнің аты Болат Қасымұлы. Шешемнің аты Бибі Тӛреқызы. Әке – шешем,
әйелім, кіші ұлым және мен бос уақытта телевизор кӛреміз, кітап оқимыз және музыка тыңдаймыз. Біз
екі ағайындымыз, бір қарындасым бар. Оның аты Мира Болатқызы. Ол 45 -те. Ол кафе меңгерушісі. Ол
тұрмысқа шыққан. Күйеу бала Қапшағайдан. Оның аты Жарас Қалиұлы. Ол банкта жұмыс істейді.
Әкемнің қарындасы бар. Оның аты Зира Қасымқызы. Ол 41- де. Ол менің апайым, тұрмысқа шыққан.
Жездемнің аты Дәулет Есімұлы. Жездем және апайым үлкен фирмада жұмыс істейді. Бос уақытта
саяхаттауды жақсы кӛреді. Олардың үш ұлы, бір қызы бар – менің немере інілерім мен немере
қарындасым. Олар мектепте оқиды.
Шешемнің сіңлісі бар. Оның аты Гүлім Тӛреқызы. Ол 40-та. Ол маған нағашы апай болады. Ол
тұрмысқа шыққан. Нағашы жездем күзетші. Олар Шенгелді ауылында тұрады. Нағашы апайым мектепте
жұмыс істейді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Олардың бір ұлы, екі қызы бар. Олар менің нағашы інім мен
нағашы қарындастарым. Менің екі атам және екі әжем бар.
Әкемнің әке-шешесі – менің атам және әжем. Ал шешемнің әке-шешесі – менің нағашы атам және
нағашы әжем. Екі атам мен екі әжем Қапшағайда тұрады. Атамның аты Қасым Жомартұлы. Ол
зейнеткер. Ол 75-те. Әжемнің аты Зәуреш Кӛпбайқызы. Ол да зейнеткер. Ол 68-де. Олар кӛп уақыт
демалады, газет-журнал оқуды жақсы кӛреді. Нағашы атамның аты Тӛре Кӛпбайұлы. Ол 70-те. Нағашы
әжемнің аты Айсара Тілешқызы. Олар зейнеткерлер. Олар да кӛп уақыт демалуды, газет-журнал оқуды
жақсы кӛреді.
Task 20. Make up questions to the text.