Справочник
  • формат pdf
  • размер 809,87 КБ
  • добавлен 30 апреля 2014 г.
Умбединова Г.Н. Өлке жер-су аттары: Библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші
Қарағанды: Облыстық Гоголь атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы, 2001 ж., - 53 б.
«Өлкенің жер-су аттары» атты библиографиялық көрсеткіште Қарағанды облысының Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Ұлытау, Шет аудандарының, қалалардың топонимдері (жер-су аттары) туралы мәліметтер енгізілген.
Материалдарды жинақтауда Н.В.Гоголь атындағы кітапхананың каталогы, өлкетану картотекасы, электрондық өлкетану каталогы Е.Қойшыбаевтың «Қазақстанның жер-су аттары сөздігі» (Алматы: Мектеп, 1985.-256 б.), «Қазақтар» (Алматы: Қазақстан даму институты: VIII том. Атажұрт, 1998.-480 б.) және тағы да басқа кітаптары пайдаланылды.
Кейбір топонимдерді (жер-су аттарын) түсіндіру мақсатында халық арасында әңгімеленіп жүретін аңыз-әңгімелер келтірілген.
Көрсеткіштің мақсаты – оқырмандарды өлкенің топонимдерімен (жер-су атауларымен) және олар туралы әдебиеттерімен таныстыру.
Жоғарыда аталынған аудандар топонимдері (жер-су атаулары) алфавиттік ретпен орналасқан.
Көрсеткіш мұғалімдерге, студенттерге, өлкетанушыларға және өлкенің жер-су атауларын білгісі келетін оқырмандарға арналған.
Әрине, көрсеткіштегі географиялық атаулардың тізімі толық болуы мүмкін емес, сондықтан да бұл көрсеткіш өзінің толықтырулар мен өзгерістерін күтеді, ал бұны әрбір өлкенің тарихына қызығушылық білдіретін тұрғыны істей алады.
Похожие разделы