Алматы: Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры, 2011. — 376 бет.
Кітапта діннің танымына, таухид сеніміне, ақиданың маңыздылығына,
күпірліктің түрлері секілді т.б. маңызды тақырыптарға тоқталумен
қатар, Ислам дініндегі алты иман негіздеріне: Аллаһқа,
періштелерге, қасиетті кітаптарға, пайғамбарларға, о дүниенің бар
екендігіне, тағдырдағы жақсы-жаманды істің бір Аллаһтан екендігіне
деген сенім мол айғақтармен жан-жақты түсіндірілген. Еңбек діни
сауатын арттыруға ынталы қалың жұртшылыққа арналған. Қазақстан
мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған.