• формат pdf
  • размер 6,81 МБ
  • добавлен 17 августа 2014 г.
Нұрғалиұлы Нұқан. Қазақ мақал-мәтелдері (төте жазу)
Үрімжі: Шынжаң халық баспасы, 2006 ж. – 498 бет.
ISBN 7-228-09999-0
Қазақ мақал-мәтелдері – белгілі бір дәуірдің ғана жеміс емес, қайта адамзат қоғамы басталғаннан, әсіресе, оның басты белгісі болған тіл жарыққа шыққаннан бергі аса ұзақ замандардың жемісі. Халық бұқарасы өзінің өмір амалияты мен өндіріс амалиятының және таптық күрес амалиятының заңдылықтарын аңғарып, оны ілгерілей зерттеп-зерделеу, қорытындылау негізінде тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінге жинақтап, мазмұн жағынан да, форма жағынан да образ ды да, әсерлі бейнелеп, оны дәуірден-дәуірге, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, үздіксіз дамытып, кемелдендіріп келген. Осы тұрғыдан айтқанда, қазақ мақал-мәтелдерін жаратушы да, байытып-дамытып, тұрақтандырушы да халық. Ол халқымыздың ұшан-теңіз мол тәжірибесінен, рухи өмірінен талғамданып, ұшқыр қиялынан. сергек ақыл ойынан туған тапқырлық онерінің ең биігі саналады.
Қазақ мақал-мәтелдерінде ерекше сөз болатын туған жер, отан, достық, ынтымақ, береке-бірлік, жауға деген өшпенділік, төрт түлік мал, өнер-білім, еңбек, адамның жақсы қасиеттерін қастерлеу, арлы болуға, адалдылыққа, кішіпейілділікке, табандылыққа шақыру тәлімі ерекше орын алған. Бұдан басқа тазалық, денсаулық жөнінде ақыл-кеңес беретін, шеберлікке, тапқырлыққа бастайтын тәлім-тәрбие беретін алуан түрлі өресі биік, ойы терең мақал-мәтелдер де өте көп.
Қорытып айтқанда, қазақ мақал-мәтелдерін – қазақ халқының даналығы, дүниені тануының жауһары, сөз-әрекет өлшемі, бағынатын заңы ары тіл байлық қоры деуімізге әбден болады.