«Қазақтың қысқаша тарихы» аталған бұл кітапты Қытай Халық
Республикасындағы қазақ ғалымдары жазып, 1987 жылы Шынжаң халық
баспасынан шығарған болатын. Аталмыш кітаптың тарихи-танымдық
мән-мәйегін ескеріп, туындыны Қазақстанның қалың оқырманына ұсынып
отырмыз. Өйткені бұл кітап көне қытай, араб, парсы жұрттарының
жазба деректеріне, түрік, моңғол шежіре-жылнамаларына сүйене
отырып, қазақ халқының сақ, ұлы иозы (юечжи) үйсін, қаңлы, һұн
(хуншу) секілді ежелгі елдердің ұрпағы екеніне көз жеткізеді.
Сөйтіп, аталмыш туынды қазақтың арғы ата-бабасынан (біздің
дәуірімізден мыңдаған жыл бұрын) мұралықка қалған қасиетті қара
қонысында отырған байырғы ел, марқа мәдениеті, бай тарихы бар
көшелі жұрт, көне халық екенін дәлелдеп берген.