Сықақ хикая, Алматы, Егемен, 2008ж.,150 б. Тәуелсіз баспасөзде
мақалалары сирек те болса шығып жүрген Еділ Барақтың мамандығы –
оташы. «Найзадан қол босаса, қалам алдым» деген Бауыржан Момышұлы
атасынша, скальпельден қолы босағанда әзіл-сықақ әңгіме жазады,
бірақ гәзет-жорналға ұсынбайды. Алайда ол дәстүрін бұзып, бізге
мына хикаясын алып келіп, сайтымызға орналастыруды өтінді. Біз
қуана құптап, зер сала оқып шығып, міне, сіздерге жолдап отырмыз.