Алматы: Жазушы, 2011, Оқыған С. Әбілұлы.
Ұлттық сөз өнері зергерлеріміздің бірі, қай шығармасы болсын
оқырманды бейжай қалдырмайтын қарымды қаламгер Оралхан Бөкейдің
соңғы туындысы – «Атау кере» романының атының өзі бірден елең
еткізеді. Өйткені «атау кере» сөзі ел ішінде адамдардың күнделікті
қарым-қатынасында қолданыла бермейтін, сирек жағдайда, шанда бір
ашынған ахуалда, болмаса шарасыздықтан айтылатын салмақты, зілді,
ауыр ұғым. Шығармашылығында жеңіл мазмұн кездеспейтін Оралханның
дәл осы күрделі тақырыпқа барып, әрі оны өзінің дәстүрлі
шеберлігіне тән деңгейде ширатып, ширықтыра отырып жазғаны
заңдылықтай қабылданады.
Оралхан Бөкей (1943-1993) Жазушы-драматург, көрнекті қаламгер, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986), Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының (1976), Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты (1978), "Молодая гвардия", "Жалын" баспалары сыйлықтарының негері. Шығармалары көзі тірісінде орыс, ағылшын, чех, болгар, венгр, араб, жапон тілдеріне аударылған. Оралхан өзінің туған жері - көркі ғажайып Алтай баурайын жанындай сүйді, оған деген перзенттік махаббатын ақтық демі біткенше қағазға түсіріп өтті. Өр Алтайдың тарихы мен таңғажайып табиғаты жазушының қаламына қуат, жүрегіне шабыт берді. Сөйтіп Алтай жыршысына айналды. Сондай-ақ жазушы өзінің шығармаларында замана шындығын кейіпкерлерінің бітім-болмысы, ішкі жан-дүниесі, өмірлік мұраттары, әрқилы тағдырлары арқылы терең танытты. Адам тағдырын жалаң саяси- әлеуметтік ауқымда емес, барынша курделі өмірлік заңдылықтар аясында таныту - қаламгердің ұстанған басты позициясы. Оның прозасы мен драматургиясында қоғам өмірінің өзекті мәселелері, ар мен азаматтық алдындағы жауапкершілік, рух тазалығы, жаратылыс пен адам арасындағы қарым-қатынас, жалпы адамзат проблемасы өткір қойылды.