Өскемен: ШҚТУ баспасы, 2000. — 104 б. ISBN 9965-496-00-5
Кiтапта зерттеу объектiсi ретiнде сипатталып отырған Шығыс
аймағындағы, оның iшiнде Күршiм, Зайсан, Марқакөл, Тарбағатай
аудандарындағы топонимдер мерзiмдi баспасөзден жарық көрiп жатқан
орынды-орынсыз ой, пiкiр, болжамдар, жазылған бiрлi-жарым мақалалар
мен ономаст ғалымдардың зерттеулерiнде кездесетiн бiрен-саран
атаулар болмаса, жүйелi түрде iргелi еңбек дәрежесiнде әлi күнге
дейiн зерттелмеген. Сол себептен еңбекте жер-су атауларының
құрылымдық үлгiлерi, мағыналық топтары негiзгi тiлдiк қабаттары,
өзiндiк ерекшелiктерi жан-жақты баяндалған.
Жоғары оқу орындарыныд филология, жалпы гуманитарлық факультеттерi
студенттерiне, зертеушiлер мен ғалымдарға, оқытушыларға, көпшiлiк
оқырмандарға арналған.