Бес томдық. — Байпаков К.М., Козыбаев М.К., Көмеков Б.Е., Пищулина
К.А. (ред. алқасы). — Алматы: Атамұра, 1998. — 323 б.
Бұл томда XIII ғасырдың ортасынан XVIII ғасырдың басына дейінгі
соңғы ортағасырлық дәуірдегі Қазақстанның тарихы баяндалады. Қазақ
хандығының қалыптасу және даму процесі, қазақ халқының құрылуы,
оның этникалық аумағының, қазақ қоғамы әлеуметтік-экономикалық
қатынастарының қалыптасуы жазбаша деректемелер мен археологиялық
ізденістер кешенінде қарастырылған.
Қазақ мемлекеті саяси тарихының мәселелері, оның сыртқы саясаты,
көрші мемлекеттермен және халықтармен өзара байланыстары,
Жәнібектің, Қасым ханның, Хакназар ханның, Тәуекелдің, Есімнің,
Жөңгір ханның, Тәукенің, Әбілқайырдың, Абылай ханның және
басқаларының мемлекеттік қызметі елеулі орын алады.
Рухани мәдениет, қала өркениеті, сауда дамуының аса маңызды
проблемалары қарастырылған. Кітап карталар, суреттер, ғылыми
аппарат, көрсеткіштермен жабдықталған.
Басылым коғамтанушыларға, жоғары оқу орындарының, мектептердің,
колледждердің, гимназиялар мен лицейлердің оқытушыларына,
студенттерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихына ден
қоюшыларға арналған.