Оқу құралы. — Алматы, 2006. — 302 б.
Оқу құралында індетті тану, инфекциялық ауруларды балау, дауалау,
індет ошағынан арылу шараларының жүйесі (ұйымдастыру шаруашылық,
ветеринария-санитариялық, арнайы) берілген. Онда кредиттік оқыту
жүйесіне сәйкес, зертханалық, тәжірибелік сабақтарды жүргізу, білім
алушының өзіндік жұмысы бойынша түрлі індеттік жағдайды шешуге
арналған нақтылы тапсырмалар, іскерлік ойындар, білімін тексеруге
арналған тест сұрақтары және өндірістік практикадан өту
әдістемелері қамтылған.